13 ақпан – саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының қастандықпен өлтірілгені мәлім болған күн. Қазақстанда жоғары лауазымды қызметтер атқарған оппозициялық қайраткерді 2006 жылы ақпанда екі көмекшісімен бірге ұрлап әкетіп, атып өлтірген. 19 жыл өтсе де, осы қылмысқа байланысты жауапсыз сұрақ әлі көп.