Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстанда үш күннен кейін, 5 маусымда референдум өтеді. Қоғамда кемі 230 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасының шындығы ашылмай, "билік асығыстық жасап отыр" деген пікір бар. Сенат депутаттарының кейбірі Қаңтар оқиғасына жауаптыларды анықтаудың саяси реформаларға қатысы жоғын айтады.
2022 жыл - Қазақстанда балалар жылы деп белгіленген. Ресми дерек бойынша, елде 6 миллионға жуық бала бар. Билік елде балаларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған деп есептейді. Ал көп балалы ана тегін үйірме табу, үкіметтің жеңілдіктеріне қол жеткізу қиын екенін айтады.
Қазақстанда конституция өзгеріс енгізуді көздейтін референдумға санаулы күн қалды. Қазір үгіт-насихат жұмысы күшейіп тұр. Үкімет мүшелері, депутаттар мен саясаткерлер өңірлерді аралап, референдумның маңызын халыққа түсіндіріп жүр. Алдағы саяси науқанға танымал блогерлер де үн қоса бастады.
Қазақстанда 5 маусымда өтетін референдумда конституцияға өзгерістер қабылданса, мәжіліс пен сенаттың заңдарды қарау тәртібі өзгереді. Сенаттың заңды қабылдау құзіреті мәжіліске ауысады. Бұл жоғарғы палатаның ықпалын азайта ма?
Қазақстанда соңғы күндері АҚШ доллары арзандап, Ресей рублі қымбаттап барады. Мамырдың 25-і күнгі биржада 1 доллар - 415, ал 1 рубль 7,44 теңге болы тұрақтады. Тұрғындар сөзінше, доллар арзандаса да азық-түлік бағасы түспеген. Министр ішіп-жем құны доллардың бағамына байланысты емес кенін айтады.
Қоғам белсенділері утилизация мәселесінде Қазақстан үкіметі олигополия мүддесін қолдап отыр деп айыптады. Олар биліктен агротехникадан утилалымды алып тастауды талап етеді. Мәселе шешілмесе, министрлер кабинетін сотқа беруге дайынбыз дейді. Ал үкімет мұны бос даурықпа деп санайды.
Астанада баласы да, өзі де мүгедек Махаббат Құсайынова бірнеше күннен бері төсек тартып жатыр. Әйел әкімдік берген жатақхананың төртінші қабатындағы баспалдақтан құлап, аяғы сынған. Қазір оған өзі сияқты жарымжвн жандар көмектеседі.
Маңғыстау облысында тағы да еңбек дауы. Бұл жолы “Оңтүстік Шығыс сервистік тобы” мекемесінің жұмысшылары жалақыларын жұмыс берушінің азайтып жатқанына шағымданады. Жұмыс беруші “мердігер үстеме ақы төлеуден бас тартты” дейді.
Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан конституциясын референдум арқылы өзгерту бастамасын халықтың басым бөлігі қолдайды дейді. Алайда сарапшы референдум қорытындысы халықтың емес, Ақорданың ғана жеңісі болмақ деп санайды.
Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасына өтініш қабылдау басталып, арзан көлік мінгісі келген жұрт автосалондарға ағылды. Үкімет бағдарламаға 100 миллард теңге бөлген. Бірақ сарапшы бағдарламаның жұртты көлікпен жарылқайтынына сенбейді
Билік референдум өткізуге қызу дайындалып жатыр, ал тұрғындар негізгі заң өзгергелі жатқанын біле ме? Әріптесім астаналықтардан сұрап көрді.
Жаңаөзенде жиырма күннен астам уақыт ереуілдеп талаптарын орындата алмаған «КезБи» мекемесінің мұнайшылары астанаға келді. Олар бірнеше министрлік пен мәжілістің бірқатар депутатына барып шағым айтты.
Қазақстан мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов 27 сәуірдегі брифингте "егер Конституцияға өзгеріс енгізілсе, "Тұңғыш президент – Елбасы" конституциялық заңы күшін жояды деп күтіліп жатыр" деді.
Түркістан облысында кемі бес елдімекен селден зардап шегіп, жүздеген мал қырылды. Әкімдік дерегінше, 18 үй лай судың астында қалған. Су басқан ауылдардан елудей адам эвакуацияланған. Табиғи апатпен арпалысқан жұрт биліктен тез арада көмек болса дейді.
Жаңаөзенде жалақы талап еткен жұмысшылар ереуілі тағы көбейді. Қазір қаладағы ірі мұнай өндіруші "Өзенмұнайгаз" акцмонерлік қоғамына қызмет көрсететін бірнеше ірі мекеменің жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп жұмысты тоқтатты.
20 сәуірде Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әлеуметтік желілерді "реттеуге негізделген" заң жобасын мақұлдап, президентке жолдады. Бұған дейін сенат енгізген өзгерістермен мәжіліс толық келісті. Қоғам наразылығын туғызған "кибербуллинг туралы" заң жобасын депутаттар талқылаған жоқ.
Кейінгі күндері Қазақстан парламенті журналистермен алысып әлек. "Тілшілер депутаттардың соңынан жүгірмесін, біз көрсеткен жерде тұрып сұхбат алсын" дейтін талап қояды. "Төртінші билік" өкілдерін жоғарғы палата жертөлеге түсіріп тастады.
Қаңтар оқиғасы кезінде баласы қаза тапқан, туысы қамалған бір топ адам әділдік талап етіп Нұр-Сұлтанда жүр. Алматы, Тараз, Шығыс Қазақстаннан келген тұрғындар президенттің қабылдауын сұрайды.
"Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұр-Сұлтан іргесінде 150 гектар жері мен зәулім саяжайы бар" дейтін ақпарат тарады. Ашық дереккөздерден ақпаратты растау қиын. Бірақ саяжай маңын мемлекет күзетеді, ешкімді жүргізбейді.
Қазақстанда кейінгі кезде жалақы мен жұмыс орындарының аздығына шағым көбейген. Осы орайда Азаттық тілшісі үкімет басшысының орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан жалақы мөлшері туралы сұраған. Министр "жұмыс жоқ" дейтіндерді "масыл" деп сынаған. Министр сөзіне қатысты бүгін депутаттардың ойын сұрадық.
Тағы