Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстан президенті мен өзге де жоғары лауазымды шенеуніктерге "қастандық жасауға тапсырыс алған шетелдік барлау агенті" келген мемлекетпен Нұр-Сұлтан қандай дипломатиялық қарым-қатынас ұстанады? Азаттық сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіден сұрады.
Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясы қайта жасақталып жатыр. Мәжілістің тағы бір депутаты мандатын тапсырып, комиссия құрамына ауысты. Заң бойынша жеті адамның үшеуін президент, төртеуін парламент тағайынтын комиссияның алдағы сайлауларды әділ өткізе алатынына сарапшы күмәнмен қарайды.
Қазақстан үкіметі соғыс болып жатқан Украина жеріне жеті ұшақ жіберіп, мыңға жуық азаматын эвакуциялады. Алайда тағы қанша адам қалғаны белгісіз. Азаттық сөйлескен кейбір қазақстандық оқтың астында, оттың құшағында қалған Украинаны тастап кетпейтінін айтады.
Әлеуметтік желіде "Қазақстандықтар цензураға қарсы!" деп аталатын петицияға қол жинау жалғасып жатыр. Оның авторлары сенат пен президентті мәжіліс мақұлдап жіберген заң жобасын қабылдамауға шақырады. Қабылданса сөз бостандығына, ақпарат тарату еркіндігіне қауіп төнеді дейді.
Қазақстан мұнайының негізгі бөлігін экспорттайтын "Каспий мұнай құбыры консорциумында" апат болып, мұнай тасымалдау қиындады. Новороссийск түбегіндегі бүлінген құбырды жөндеуге Қазақстан билігі үш аптаға, Ресей тарабы бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтады.
9 наурызда Қазақстанда теңге тағы да құнсызданды. АҚШ долларының құны 510 теңгеге жетті. Бұл - бұрын соңды болмаған көрсеткіш. Сарапшылар жағдай жалғаса берсе, ел экономикасы құлдырайды деп қауіптенеді.
Ресейдің Украинаға шабуылынан соң Батыс Ресейді «агрессор» деп айыптап, санкциялар легін көбейткен. Бұл жағдайдан соң сарапшылар Қазақстан ҰҚШҰ мен ЕАЭО секілді Ресейдің ықпалы жоғары ұйымдардан шығуы керек деген мәселе көтеріле бастады. Сенат депутаттары Қазақстан Ресеймен ортақ ұйымдардан бас тарт
Қазақстан жұрты Украинаға материалдық көмек жөнелтіп жатыр. Бастамашыл топ өкілдері жиналған заттар мен қаржыны бүгін Украина елшілігі ғимаратына апарып тапсырды.
Ерлі-зайыпты Нұртай мен Нарғыз Үмітбаевтар – Жаңаөзендегі көп бала тәрбиелеп отырған отбасының бірі. Қиыны – үш баласы мүгедек. Олар баспанаға да, ішіп-жемге де мұқтаж. Үкіметтен берілетін көмекті алуға жас әйелдің азаматтығы жоқтығы да кедергі.
Ресей Украинаға басып кірген соң батыстың санкциясына ұшырап, рублі құлдырап кетті. Салдарынан теңге әлсіреп, ұлттық валютаның бір долларға шаққандағы құны айырбастау пунктерінде 500 теңгеге жетті. Бұл Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Доллардың қымбаттауына ел экономикасы дайын ба?
Ақпан басталғалы Маңғыстау өңірінде он шақты мекеме жұмысшылары Қазақстан президентіне видео үндеу жасап, жалақының аздығына шағымданған. Олардың көбі Жаңаөзенде тұрады. Осы қалада тағы бір топ - тұрақты жұмыс орнын ашуды талап еткен жұмыссыз азаматтардың наразылық акциясында тұрғанына ай толды.
Бұған дейін құзырлы орган басшысына «Мемлекеттік төңкеріс» деп аталатын депутаттық сауал жолдаған депутаттар құрбандар тізімінің ашық жариялануын талап етпеген. «Неге? Қашан сұрайсыздар?» дейтін Азаттық тілшісінің сауалына олардың жауабы мынадай.
Жемқорлықпен күрес агенттігі экс президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің оффшорлық есепшоттардағы қаржысын Қазақстанға қайтаруға асықпайды. Агенттік төрағасы Марат Ахметжанов қаржыны мемлекетке қайтару үшін құқықтық негіз керек деді. Ол Назарбаев әулетінің есепшоттарына қатысты тергеу бар-жоғы турал
Сейсенбіде Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» компаниясы жұмысын тоқтатты. Жұмысшылар жалақы көбейтуді және «Қаңтар қырығынан» соң ұсталғандарды бостауды талап етіп жатыр. Нұр-Сұлтаннан барған «Қазмұнайгаз» басқарма бастығы Алик Айдарбаев айлықты бес пайыз көтеруді ұсынған, бірақ мұнайшылар оған келіспеді.
37 жастағы қызылордалық Нұрымжан Ақжігітов қаңтар оқиғасы кезінде көзінен жарақат алған. Ауруханада жатқан жерінен 7 қаңтар күні полиция алып кетіп, қамап тастаған. Туыстары Нұрымжанның тергеуде қысым көргенін айтады. Құзырлы органдар Азаттық сауалдарына жауап бермей отыр.
Астана тұрғыны Тимур Дәнебаев Қазақстан президентінің үстінен полицияға арыз жазды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде «Алматыға 20 мың бандит шабуыл жасады» деген Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесін жалған ақпарат деп есептейді.
Шымкентте 5 қаңтар күні наразылық кезінде оққа ұшқан Нұрболат Алпамыстың нағашы әпкесі «билік бауырымның арманын күл-талқан» етті дейді. Кәмила Бағжанованың сөзінше, марқұмның ата-анасы қайғыдан әлі есін жимаған. Ол «ескертусіз оқ ат» деп бұйрық берген президент Тоқаевтың жауап беруін талап етеді.
24 жастағы Бақытжан Жандар дипломы бойынша жұмысқа тұра алмай, ауылдан Шымкентке келіп, таксист болып нәпақасын тауып жүрген. Қалада пәтер жалдап тұрып жатқан. Ол қаңтар көтерілісінде оқ тиіп қаза тапты. Анасы Гүлнәз Әбдиева бұл жағдайға "туды сүйіп, халқына ант берген" Тоқаев кінәлі дейді.
Тоқаев шетелге шығарылған заңсыз ақшаны қайтару тетігін екі айда ұсыну жөнінде үкіметке тапсырма берді. Ол ешкімнің атын атамады әрі қаржының сомасы туралы да ештеңе айтпады. Заңгер президенттің бұл сөзін «популистік бастама» дейді. Қаржыгер сөзінше, сыртқа шыққан ақшаны қайтарудың машақаты көп.
Ресми дерек бойынша қаңтар көтерілісі кезінде балалар да оққа ұшқан. Солардың бірі - Айкөркем Мелдехан. Оқ көлікте кетіп бара жатқан бүлдіршіннің маңдайына тиген. Әкесі "Қызымды атқандар жазықсыз кете ме" деп алаңдайды.
Тағы