Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазанның 26-сы күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Ақтөбеде полиция "митингі өтеді" деп көрсетілген жерден ондаған адамды ұстап әкетті. Биліктің болмаған акция үшін азаматтарды ұстап, қамауы дұрыс па? Бұл адам құқығын бұзу емес пе? Азаттық тілшісінің мәжіліс депутаттарынан сұрап көрді.
Қазақстан Егемендік декларациясы қабылданған 25 қазан Республика күнін атап өтпегелі 10 жыл болды.
Мұғалімдер қарызға тамақтанып, өз ақшасына қағаз, принтер сатып алуға мәжбүр. Көкшетаулық ұстаз Әлия Ахетова білім саласындағы қордаланған проблемаларды көтерді. Қазақстанда мұғалім жағдайы қайтсе жақсарады?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кадр саясатын экс-президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтан тәуелсіз жүргізе ала ма? Азаттықтың бұл сауалды астана тұрғындарына қойып көрді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кей жоғары лауазымды қызметке тағайындағанда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімін алу жайлы өзгеріс енгізетін жарлыққа қол қойды. Бұл нені білдіреді? Азаттық парламент депутаттарынан сұрап көрді.
Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктерге адам жүзін жазбай танитын бейнекамералар орнатыла бастады. Құрылғыларды әкімдік Қытайдың Hilvision компаниясынан сатып алған. Бұл компанияны АҚШ Шыңжаңдағы саяси қуғын-сүргінге қатысы бар деп айыптағанын да білесіздер. Камералардың қызметі мен олардың қоғамдық көлі
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы билік транзиті, бейбіт митингі туралы заң және Шыңжаңдағы жағдай, Қазақстандағы наразылықтар туралы айтты.
Қала әкімдігіне барған Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанның жайсыз екенін, шаһарда көп нәрсеге көңілі толмайтынын айтты. Азаттық тілшілері қала тұрғындарынан "Нұр-Сұлтан жайлы ма және нені өзгерту керек?" деп сұрады.
Қазақстан үкіметі жаңа жылдан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақыны жаңа тәсілмен бермек. Ал кейбір тұрғындар "үкімет әйелдерді көп балалы деп алаламай әлеуметтік көмекті барлық балаға бірдей төлесе" дейді.
Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандар аспаз және даяшы болып жұмыс істейтін кафе бар. Әлеуметтік жобаның авторы - қарапайым дәрігер.
Моңғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстаннан Қазақстанға келіп, дайындық курсына түскен студенттер білім гранттарын бөлу комиссиясының шешіміне наразылық білдірді. Олар 26 қыркүйекте "Нұр Отан" партиясының кеңсесіне барып, мәселеге араласуды сұрады.
Қоғамда ккіметтен әлеуметтік көмек талап етіп жүргендерді "масыл" деп сынағандар болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та масылдық жайлы бірнеше рет айтты. Осы ретте Азаттық тілшісі депутаттардан "биліктен көмек талап еткен әйелдер шынымен масыл ма?" деп сұрап көрді.
Қыркүйектің 20-сына қараған түні баспана мен жәрдемақы мәселесін шешуді талап еткен 20-дан астам әйел Нұр-Сұлтандағы ұлттық экономика министрлігінің алдында түнеп шықты. Олар 19 қыркүйекте таңертең Ақорда маңына жиналып, әлеуметтік мәселелерінің шешілуін талап еткен еді.
Қазақстанның бір топ саясаткері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 күндік жұмысына есеп беріп, жиын өткізді. Тоқаев жұмысына оң баға бергендер "билік халықтың үнін тыңдайтын болды" десті. Бірақ оппозициялық саясаткер ешқандай өзгеріс көрмегенін айтады.
Қазақстан мәжілісі допинг қолданғандарға жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады. Егер заң қабылданса, допингпен ұсталған спортшылар мемлекет берген пәтері мен сыйақысын қайтарып береді.
Жаңаөзендік әйелдер балаларын босатуды талап етіп, Нұр-Сұлтанға келді. Олардың айтуынша, балалары "кісі өлтірді" деген айыппен қамауға алынған. Ұсталғандардың жақындары балаларына тағылған айыппен келіспейді.
Билік жоспары бойынша, Қазақстан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуі тиіс. Бұл қазір қай деңгейде?
Қазақстан билігі күнделікті тұтынуға қажет тауарлардың орта есеппен 9 пайызға қымбаттағанын айтты. Үкімет "бұған өндірістің жоқтығы, алыпсатарлардың көптігі себеп" дейді. Азаттық сөйлескен сарапшылар қымбатшылықты биліктің тиімсіз жұмысынан көреді.
Қазақстанда жаз айларында теміржол билеттеріне тапшылық байқалады. Әсіресе ірі қалаларға барып-келу қиындайды.
Мемлекеттік "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде білім алып келгендер жұмыс іздеп жүр. Нұр-Сұлтанда Шетелде оқығандарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті.
Тағы