Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстан кәсіподақтар федерациясының өкілі, саясаттанушы Ерлан Саировтың пікірінше, Жәрдемдегі жанжал жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын көрсетеді.
Қарағанды облысындағы Жәйрем тау-кен комбинатында жұмысшылар арасында төбелес болған. Шетелдік бірнеше жұмысшы жарақаттанған. "Жанжалға шетелдік азаматтың интернетте қазақ қызының жалаңаш суретін жариялауы себеп болды" дейді Азаттыққа аты-жөнін атамауды сұраған тұрғын.
Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атышулы Заречный түрмесіне барып, сотталушылардың арызын тыңдады. Бірақ осы колонияда отырып шыққан азаматтың пікірінше, мұндай кездесулер түрмедегі жағдайды өзгертпейді.
Ұлттық банк ақша айырбастау пунктері жұмысына байланысты бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Жұмыс кестесіне шектеу қою, валюта айырбастаушылардың жеке деректерін енгізу, сынды ұсыныстар қоғамда қызу талқыланып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласында баспана мәселесін айтып, наразылыққа шыққан әйелдер соңғы кезде билік өкілдері қысым жасап жатыр дейді. Әйелдердің сөзінше, полиция мен әкімдік өкілдері кеше кешке үй-үйді аралап, наразылыққа шыққандарға айыппұл салынатыны, қамалатыны айтылған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "тиімсіз жоба" деп сынап, қоғам наразылығын тудырған Нұр-Сұлтан қаласындағы ЛРТ, яғни жеңіл теміржол желісі бәрібір салынатын болды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады. Көп шығынды қажет ететін жоба туралы тұрғындар пікірі әрқилы.
Көп балалы аналарға 21 мың теңге төлей бастаған үкімет ақшаның қайда жұмсалғаны жайлы есеп беруді талап етеді. Мақсатсыз жұмсалса қайтарып алмақ. Нұр-Сұлтан қаласында биліктің атаулы әлеуметтік көмекке байланысты талабына наразы ондаған әйел шағым айтып үкіметке барды.
«Қауіпсіздік сертификаты» ақпарат жинамайды. Ол тек сүзгі қызметін атқарады. Осылай деген цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қазақстандықтарды еш алаңдамауға шақырды. Асқар Жұмағалиевтің пікірімен жұртшылық келісе ме?
Нұр-Сұлтан аналарының наразылығы басылар емес. Бүгін қала әкімдігінің алдына он шақты ана тағы жиналды. Бірі көп балалы, бірі жалғызілікті әйелдер биліктен баспана мәселесін шешіп беруді сұрайды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрған ұлттық сенім кеңесінің мүшелері белгілі болған соң жұрт пікірі екіге жарылды. Бірі мұны "билікшілдер тобы" бағаласа, басқалары "кеңестің ықпалы парламенттен де күшті болады" деп үміттенеді.
Арыстағы жарылыстан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады. Ал сарапшы "Тоқаевтың қазіргі құзіреті сөгіс жариялауға ғана жетеді. Себебі оның ар жағында Нұрсұлтан Назарбаев тұр" деп санайды.
Сот үкімімен келіспейтін ондаған адам Қазақстанның бұрынғы президенті, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің алдына жиналды. Шағымданушылар сот актілерін тексеретін ведомствоаралық комиссия құрылуын талап етіп жатыр. Бірақ бүгінгі жиынға шараны ұйымдастырушы, азаматтық белсен
"Арыз жазыңыздар". Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда Азаттық радиосының тілшілеріне кедергі келтіргендердің үстінен шағымдануға кеңес берді.
6 шілде - Нұр-Сұлтан күні. Соған орай қалада түрлі мерекелік шаралар өтіп жатыр.
2 шілдеде Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі баласы бар оннан астам ана Министрлер үйінің алдына барып, биліктен баспана мәселесін шешуді сұрады. Үкіметке келген аналар биліктен мүгедек баласы бар отбасыларды бірінші кезекке қоюды талап етті.
Арыстағы әскери қоймада болған жарылысқа кім жауапты? Азаттық тілшісі бұл сұрақты Нұр-Сұлтан тұрғындарына қойып көрген еді.
25 маусымда Үкіметтегі отырыста Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс талқыланды. Денсаулық министрі Елжан Біртановтың сөзінше, Арыстағы жарылыстан кейін барлығы 165 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олардың 89-ы ауруханада жатыр. 15 адамның жағдайы ауыр.
Маусымның 20-сы күні Қазақстанда жоғары оқу орнына түсу емтиханы басталды. Биыл елде 117 мың түлек ұлттық бірыңғай тестілеуді таңдаған. Сынақтың алғашқы күні қалай өтті? Талапкерлер қандай қиындықтарға тап болды?
12 маусымдағы инаугурация кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын мәлімдеген. Жаңадан құрылатын ұлттық кеңес пен парламент бір-бірінің жұмысын қайталамай ма?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews телеранасына берген сұқбатында "Қазақстанда бейбіт шерулерге рұқсат беретін жаңа заң жобасы қабылданады" деді. Азаттық тілшілері Тоқаевтың бұл пікіріне қатысты митинг өткізу үшін билікке бірнеше рет өтініш жазған белсенділердің ойын білді
Тағы