Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Жергілікті мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен ғана сайлау - жеке азаматтардың құқығын шектемей ме, партиялардың үстемдігін көрсетпей ме?
Нұр-Сұлтанда полиция билікті сынап жүрген бірнеше белсендінің үйін тінтті. Кейбірінің телефоны мен өзге де заттарын алып кеткен. Белсенділердің өзі мұны 31 қазан күні Алматыда өтуі тиіс митингімен байланыстырады.
24 қазанда бірнеше қалада белсенділер асарға ұқсас акция өткізіп, қолдан жасалған бұйымдары мен балалар салған суреттерді сатты. Одан түскен ақшаны қазір қамауда жатқан белсенділердің отбасына бермек болған. Бірақ Нұр-Сұлтан полициясы белсенділерді ұстап әкетті.
Қазақстанда ресми тіркелген алты саяси партия бар. Олардың үшеуінің ғана өкілдері парламент мүшелері. Қалған партиялар алдағы сайлауға қатыса ма? Олар науқанға қалай дайындалып жатыр? Азаттық тілшісі тіркелген партиялардың Нұр-Сұлтандағы кеңселерін аралап көрді.
Бұрынғы депутат Серік Әбдірахманов алдағы мәжіліс сайлауы "жабық шеңберде бәсеке туғызады" дейді. Сарапшы соңғы бірнеше жылдан бері Қазақстанда сайлау әділ өтпейтінін айтады. Сөзінше, билік тәуелсіз партияларды тіркемей, тағы да сайлауды ойыншыққа айналдырмақ.
Азаттық парламент мәжілісі мүшелерінен "Қайтадан депутат болуды қалайсыз ба?" деп сұрап көрді.
Коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанда азық-түлік уақыт өткен сайын қымбаттап барады. Әсіресе халық көп алатын ет, жұмыртқа, көкөніс бағасы өскені байқалады. Ресми статистикадағы көрсеткіш пен базардағы баға әр түрлі.
17 қазан – Дүниежүзілік кедейлікпен күрес күні. Былтыр Қазақстанда кедейшілік шегінде өмір сүретіндер саны 1 миллион 200 мың болса, биыл тағы 800 мың адам қосылуы мүмкін.
Қазақстан коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындалып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министріне халықты вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырды, отандық вакцинадан да үміті барын айтты. Жұрт Қазақстанда жасалып жатқан вакцина жайлы не ойлайды? Оны салдыруға дайын ба?
Қырғызстанда наразылар президент әкімшілігі мен парламент отырған Ақ үйді басып алып, билікке талап қойған соң, Орталық сайлау комиссиясы даулы сайлау қорытындысын жою туралы шешім қабылдады. Азаттық Қазақстан парламенті депутаттарының көрші елдегі оқиғалар туралы пікірін білді.
Түркістан облысында екі ұлын сабаған адамның оқиғасы қоғамда түрлі пікір тудырды. Видео желіге тарап, кейін жәбірлеуші ұсталды. Қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Сарапшы сөзінше, "тұрмыстағы әлімжеттікке себеп көп, заң жұмсақ және қоғам немқұрайлы қарайды".
Нұр-Сұлтандағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының санитарлары еңбек демалысына берілген ақшаның жартысын басшылық кері қайтаруды талап етіп отырғанын айтып, шағымданды. Директордың сөзінше, компьютерден ақау шығып, 31 адамның демалыс ақысы қате есептелген.
Қазақстанда өткен жұма күні өтуі тиіс болған митингіде қанша адам ұсталғаны жөнінде Ішкі істер министрлігі ешқандай мәлімет бермеді.
Нұр-Сұлтан мектептеріндегі ата-ана чаттары "Тұмауға қарсы вакцина салдырмаймыз" деген жазбаға толы. "Мектеп оқушыларына тұмауға қарсы тегін екпе салынады" дегенде қарсы шыққан ата-ана көп.
Нұр-Сұлтанда бір топ үлескер әкімдік алдына жиналып, тағы да шағым айтты. Сұрап жүргендері – өзгенің емес, өз үйі. Сегіз жыл бұрын ақысын төлеп қойған баспанаға әлі қол жеткізе алмаған тұрғындар "әкімдік қайда қарап отыр" дейді.
17 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда бір топ үлескер жиналып, ақшасын толық өтеп қойған үйлерін талап етті. Айтуларынша, о бастағы келісімде құрылыс екі жыл бұрын аяқталуы керек еді. Бірақ үйді салып жатқан "Алтын Шар" құрылыс компаниясы "жұмыс биыл да бітпейді.
Құқық қорғаушылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан парламентті реформалауды сұрайды. Депутаттар не дейді?
Қызылорда қаласынан 10 шақырым жердегі "Сабалақ" саяжайының тұрғындары әлі күнге тамақты ошаққа пісіреді, Сырдарияның суын тасып ішеді. Жеті мыңға жуық халқы бар саяжайға электр жарығы да, газ да тартылмаған.
Ақтөбеде бір топ саудагер демалыс күндері базарды жаппауды талап етіп, шағым айтты. Олардың сөзінше, басқа кезбен салыстырғанда сенбі-жексенбі күндері сауда жақсы жүреді.
Қазақстанда жаңа оқу жылы енді басталса да, қашықтан оқуға арналған платформалардың жұмысына шағымданушы көп. Оқушылар мен ата-ана, ұстаздар мұны интернеттің әлсіздігімен байланыстырады. Азаттық бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғариден сұрап көрді.
Тағы