Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Жекеменшік Астана университетінің студенттері «сабақ әлі басталмағанын, мұғалім жоғын» айтып шағымданады және "оқу орны жабылса дипломсыз ба қаламыз" деп алаңдайтынын да жасырмайды. Білім министрлігі өкілінің сөзінше университеттің лицензиясына байланысты дау бар.
Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдер тағы да министрлік алдына келіп, әрбір оқушының киім алуы үшін берілетін 40 мың теңге көмекті сертификат түрінде емес, ақшалай қолға ұстатуды талап етті. Олар сертификатпен киім беретін дүкендердегі тауар бағасы базармен салыстырғанда қымбат екенін айтады.
Қазақстанда коронавирус пандемиясы өршіп, науқас көбейген тұста ауруханаларда дәрігерлерге көмек қажет болды. Атырау облыстық ауруханасында ақысыз жұмыс істеген еріктілер Азаттыққа бірнеше айда не көргенін, қандай күй кешкенін айтып берді.
8 тамыз күні Нұр-Сұлтан іргесіндегі Талапкер ауылында биыл ақпанда полиция тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қайтыс болған азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің асы өтті. Оның үйінің айналасын полиция жасақтары мен автобустары қоршап тұрды. Бірақ ешкімді ұстамады, ешкімге тиіспеді.
Індетпен күрескен атыраулық дәрігерлердің әңгімесі.
2016 жылы Атырау қаласында жер митингісін ұйымдастырғаннан кейін сотталып, кейін босап шыққан белсенді Талғат Аян өзімен бірге сотталып, әлі күнге дейін түрмеде отырған белсенді Макс Боқаевтың жағдайы, Қазақстандағы саяси өмір және өзге мәселелер жайлы ойын бөлісті.
Атырау коронавирус пен пневмония дерті өршіген аймақтың бірі. Қала аурулар саны бойынша Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларымен қатар алғашқы үштікте тұр. Азаттық тілшілері Атырау облыстық ауруханасына барып, ондағы ахуалды көрді.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі карантинді жеңілдетуді ұсынды. Ұсынысты коронавируспен күрес комиссиясы мақұлдаса базарлар толық ашылып, қоғамдық көліктер жүре бастайды. Елде COVID-19 сексен бес мыңдай адамнан анықталған.
Нұр-Сұлтанда ақшасын төлеп қойса да он жылдан бері үйіне кіре алмай жүрген тұрғындар наразылық білдірді. Құрылыс компаниясы 2010 жылы 12 қабат үйді бір жылда салып бітіруге уәде еткен. Бірақ сол уәде әлі күнге орындалмаған. Әкімдік құрылысқа жауап бермейтінін айтады.
Қазақстанда құқық қорғаушылар мен журналистер депутаттарды іздейді.
Нұр-Сұлтанда бірнеше бала ерткен екі әйел биліктен көмек сұрап, министрлер үйінің алдына барды.
Қазақстан үкіметі карантин кезінде мұқтаж жандарға (өзі мүгедек немесе мүгедек бала бағып отырған, жұмысы жоқ адамдар) 5556 теңге төлемек.
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 100-ге жуық тыныс алу аппараттын жолдамақ. Сарапшы қиын шақта әр ел бір-біріне көмектесуі керек деп санайды.
Қазақстан үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты карантинді ұзартты және табысынан айырылғандарға 42 500 теңге төлемек. Тұрғындар ақшаның аз екенін айтады.
13 шілде күні Қазақстан коронавирус жұқтырып қайтыс болғандарды еске алып, аза тұтты.
10 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысын өткізіп, коронавирус дағдарысына министрлер мен әкімдерді айыптады. Екі аптада жағдай реттелмесе, үкіметті тарату мәселесін көтеретінін айтты. Саясаткер Уалихан Қайсар қазіргі үкімет екі аптада жағдайды өзгерте алмайды дейді.
Қазақстан үкіметі елдегі күнкөріс минимумы мамыр айында 32 127 теңге болғанын хабарлады. Биліктің пайымдауынша, осы ақшаның жартысына бір адам бір айға жететін азық-түлік сатып алады. Бірақ ішіп-жем мен өзге де тауардың қымбаттағанын айтқан халық үкімет есебіне күмән келтіреді.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ Еуропа елшіліктері алдына жиналып, Қазақстандағы адам құқығының бұзылмауын талап еткен бір топ адамды алып кетті. Олар 6 маусым күні оппозициялық топтар ұйымдастырған митингіден кейін ұсталып, қамауда отырғандарды босатуды сұраған.
Нұр-Сұлтанда карантин талаптарына наразы бір топ ресторатор, асаба және кәсіпкер әкімдіктен тойханаларды ашуды талап етті. Олар коронавирус пандемиясы кезінде табыстан қағылғанын, күнкөріс қиындағанын айтады.
Қазақстан билігі коронавирусқа қарсы күресті жалғастыра беретінін айтып, тұрғындарды топтаспауға, маска тағып жүруге шақырады. Бірақ Нұр-Сұлтан ішінде жүретін қоғамдық көліктердегі ахуал керісінше. Таңертең жұмысына, кешке үйіне асыққан жұрт талаптың бәрін орындай алмайтынын айтады.
Тағы