Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Бүгін, 23-қыркүйекте жергілікті жердегі соттардың үкім-шешімімен келіспейтін бір топ наразы жоғары сот алдына тағы жиналды.
«Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, құқық қорғаушы Теңдік Сәрсекеева жиырма жылдан бері мүгедек әйелдердің құқығы үшін күресіп келеді. Жергілікті билікті сынап, мүгедек әйелдер мен мүгедек баласы бар отбасының әлеуметтік жағдайын қорғаған әрекеті Солтүстік Қазақстан әкімдігіне ұнамаған.
Қытайда туыстары қамалған бір топ азамат Нұр-Сұлтандағы Қытай елшігінің алдында наразылық шарасын өткізді. Олар Қазақстандағы Қытай елшісінен Шыңжаңда жазықсыз қамалған жақындарын шығаруды талап етті.
Дариға Назарбаева ұйымдастыратын "Еуразия медиа форумыында" шетелдік сарапшылар, қазақстандық шенеуніктер мен депутаттар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты көп мақтады. Осы кезде елдің басқа бөлігінде Назарбаевқа санкция салуға шақырған пикет өтті.
Қазақстанда «бала құқығы» аясында шетелдік онлайн-платформаларды елде филиал ашуға міндеттейін, болмаса қызметін бұғаттайтын заң жобасы әзірленіп жатыр. Жобаны мәжіліс алғашқы оқылымда-ақ мақұлдап үлгерді. Мұны «Ресейдің ізімен жүру» деген сарапшылар елде сөз еркіндігіне қысым күшейе түседі дейді.
Қазақстанда жасы 12-ден асқан балаларға ковидке қарсы екпе салу жоспарда бар, бірақ бұл бойынша әлі ешкімге тапсырма берілмеген. Бірақ вакцинаны құптамайтын жұрт «билік мәжбүрлейді» деп қазірден-ақ қауіптеніп отыр.
Белсенді Санавар Закирова премьер-министр Асқар Мамин басқаратын Қазақстан үкіметін сотқа берді. Сотқа жүгінуге мемлекеттің Egov – электронды үкімет жүйесін ресейлік платформаға ауыстыру туралы меморандум себеп болған. «Бұл - отанды сату» дейді белсенді.
Қазақстанның бірнеше қаласында мектеп оқушыларына вакцинаны мәжбүрлемеуді талап еткен наразылық жиыны өтті. Тұрғындар сөзінше, «билік екпе ерікті түрде салынады» деген әуелдегі уәдесінен тайып, міндеттеуге көшкен. Кейбірі баласын мектепке жіберуге қорқатынын айтады.
Екі жыл бұрын елде атом электр станциясын салу-салмау дауы кезекті рет көтерілген шақта «халықпен ақылдасу» қажетін ескертіп, жұртты тыныштандырған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен аптада «Қазақстанға АЭС қажет» деп кесіп айтты. Президент сөзі басылып қалған дау-дамайды қайта көтерді.
Қазақстанда оқып жүріп, пандемияға байланысты өз еліне кеткен ауған студенттері оқуды жалғастыра алмай қаламыз деп алаңдайды. Олар Қазақстан құжат жағынан көмектеспесе, елден шыға алмаймыз дейді. Үкімет құлап, Кабулды "Талибан" басып алғалы Ауғанстанда сырттан көмек сұрайтындар көбейді.
Ауған билігі құлап, тәліптер Ауғанстанды толық бақылауға алған тұста тұрғындар үйлерін тастап елден қаша бастады. Ауғанстан қазақтары да Қазақстаннан көмек сұрайды.
Қазақстанға америкалық Pfizer вакцинасы қазан айында келмек. Апта басында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа екпені тек балалар мен жүкті әйелдер алатынын айтты. Әзірге неше жастан, қалай, қанша адамға егілетіні белгісіз. Бірақ елде Pfizer-ді күткен жұрт көп.
Кейінгі күндері елде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар көбейіп барады. Тамыздың басынан бері елде өлім көрсеткіші жүз адамнан кемімеді. Азаттық коронавирус орталығына айналған ауруханаға барып, жақындарынан айырылған тұрғындардың кейбірімен сөйлесті.
Азаттық тілшісі Шымкенттегі коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын орталыққа айналған N2 қалалық аурухананы аралап көрді. Мұнда 370-ке жуық науқас емделіп жатыр. Олардың көбі тыныс алу аппаратының көмегімен демалады.
27 шілдеде Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қосшы ауылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен облыстық деңгейдегі қалаға айналды. Ресми дерек бойынша, мұнда 80 мыңға жуық адам тұрады. Мәртебесі өзгерген елді мекеннің шешілмеген мәселесі көп.
29 шілде түн жарымында Шымкенттің "Шымсити" ықшамауданының тұрғындары автокөлік жолын бөгеді. Ауыз су сапасына наразы бұдан басқа амалы қалмағанын айтады. Айтуынша, оларға ескі құбырдың иісітенген лай суын қосқан. Оқиға орнына полицейлер мен аудан әкімі келді.
26 шілдеде Қазақстанда бір күнде коронавирустан 110 адам қайтыс болды. Бұл - пандемия басталғалы бергі ең үлкен көрсеткіш. Нұр-Сұлтан вирус жұқтыру жағынан да, өлім саны жағынан да алда тұр. Жақындарынан айрылғанын айтқан тұрғындардың көбі карантин ережесін сақтамайтын адамдарға кінә артады.
Қазақстанда ауыл, кент, шағын қала әкімдерінің сайлауы өтті. Әзірге толық нәтиже белгісіз. Аймақтық сайлау комиссиялары науқанда заң бұзу болмағанын айтады, тәуелсіз бақылаушылар заңсыздық көп дейді.
Қазақстан билігі саяси реформаларға серпін береді деп дәріптеген ауыл әкімдерін сайлау қалай өтті? Азаттық тілшілері Қазақстанның әр түкпірінен бақылаған учаскелерде адам аяғы сирек. Ел ішінде "біздің даусымыз ештеңе шешпейді", "жүйе өзгермей ештеңе болмайды" деген көңіл-күй байқалады.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында тағы да ереуіл. Қала тазалығымен айналысатын жұмысшылар жалақыны жүз пайыз өсіруді талап етті. Олар қымбатшылық қысып, мәжбүр болғаннан осындай қадамға бардық дейді.
Тағы