"Бастаңғыда" қазақтың тойы жайлы әңгіме айттық. Пандемия тойды өзгерте алды ма, қазіргі той ысырапшыл ма, неге бейәдеп ойындар ұйымдастыратын асабалар көбейіп кетті, қазақтың тойы брендке айнала алды ма деген сұрақтарға жауап іздедік.
1-2 мамырда Украинаның Мариуполь қаласынан бейбіт тұрғындар эвакуациялана бастады. 1 мамырда "Азовсталь" зауытының ішінен жүзге жуық адам шығарылды. Бұдан бөлек, қаланың өзінен де біраз адам эвакуацияланып жатыр.
Қазақстан президенті конституцияға енетін өзгерістерді бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдауды ұсынды. Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан 18 жастағы бозбаланың анасы үкіметтен ұлының құнын сұрайды. Ол тергеу жөнді жүрмей жатқанын айтып шағымданады.
БҰҰ төрағасы Мәскеуден ұшып, Украинаға барды және қираған қалаларды аралады. Ал батыс елдері Киевке қару-жарақ жеткізуге асығып жатыр.
Украинаның шығысында, Донбасс аймағында ауыр шайқас жалғасып жатыр. Украинаға басып кірген Ресей Киев маңында сәтсіздікке ұшыраған соң Донбассқа бет бұрған. Кремль Украинаның шығысындағы шайқасын "екінші фаза" дейді.
Назарбаевтың өзі мен отбасы мүшелерін қылмыстық жауаптан қорғайтын "Елбасы" туралы заңның күші жойылатынын мәжіліс спикері де растады.
Қазақстан презизенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Аманат" партиясының төрағалығынан кетіп, құрамынан да шықты. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа конституциядан арнайы мәртебе беруге қарсы петиция жарияланды.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "тәуелсіз елдің негізін қалаушы" дейтін мәртебе беріліп, конституцияға енеді. Алматыда "саяси босқындарды" босатуды талап еткендерді ұстап әкетіп, 15-20 тәулікке қамап тастады.
25 сәуірге қараған түні Түркістан облысы Қазығұрт ауданында кемі алты ауылды су алды. Тоқтаусыз жауған жауыннан кешкі 10:30 шамасында сел жүрген. Жергілікті биліктің айтуынша, 200 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Мал шығыны көп.
ҰҚК бұрынғы төрағасы, қамауда отырған Кәрім Мәсімовтің інісі генерал-мойор Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Қаңтар оқиғасына байланысты Алматы маслихатының депутаты ұсталды.
Украинаның Мариуполь қаласында қаруын тастамаған сарбаздар бекінген зауытты Путин шыбын өтпейтіндей түгел жауып тастауға бұйырды. Қаңтар оқиғасының тергелуіне құзырлы органдар кедергі келтіріп отыр дейді заңгерлер.
Украина экс-премьері Арсений Яценюк Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Батыстың Ресейге көзқарасы өзгергенін, әсіресе Германияның Ресейден іргесін аулақ сала бастағанын жақсылыққа жоритынын айтты. Егер Мәскеу осы соғыста жеңсе, келесіде Грузия мен Молдованы нысанаға алуы мүмкін дейді ол.
Қазақстан билігі демократияландыру мен реформа жүргізуге уәде бергенімен, елде белсенділерді саяси себеппен қудалау азайған жоқ. Құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасынан кейін билік бұрын қауіпсіз деп санаған белсенділердің өзін қысымға алғанын айтады.
Қазақстанда билік Ақорданы сынаушыларды саясатқа араластыра ма? Партия құрғыысы келетін бастамашыл топ көп, оппозициясы қайсы? Қаңтар оқиғасынан соң қамауға алынған шымкенттік екі белсендінің ісі сотқа жетті. Құқық қорғаушы "билік белсенділерді террорист қылмақ" дейді.
Украинада соғыстың екінші фазасы басталды. Киев бұны шешуші шайқас дейді. Бұрынғы президенттің әйелі Сара Назарбаеваның сабағы енді мектептерде міндетті пән ретінде оқытылмайды.
Азаттық Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасының бизнесі, мүліктері жайлы зерттеу жасады. Ұлы Тимур мен президент әкімшілігі жетекшісінің інісі Шалқар Нұртілеудің бизнестегі байланысын анықтады. Президенттің туған жиендерінің Қазақстандағы, шетелдегі кәсібі мен мүліктерін топтап шықты.
"Нұрлан бауырым, украин белсендісін неге қорладың?" Ресейдегі қазақ стендапер Нұрлан Сабуровтың 17 сәуірде Нью-Йоркте өтіп жатқан концерті кезінде Free Kazakhs құқық қорғау ұйымының жетекшісі Ғани Стамбек сұрақ қойды.
Ресей "Москва" кемесі су батқан соң Украинаға қарай атылатын зымырандарын жиілетті; Қазақстанда президенттің туыстары жоғары лауазымды қызметке тағайындалмайтыны туралы заң жобасы әзірленіп жатыр. Тізімге құда-жекжаттар да қосылмақ;
Тағы