Назарбаевтың мәртебесі, Шымкенттегі тасқын, белсенділерді ұстау
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "тәуелсіз елдің негізін қалаушы" дейтін мәртебе беріліп, конституцияға енеді. Алматыда "саяси босқындарды" босатуды талап еткендерді ұстап әкетіп, 15-20 тәулікке қамап тастады. Түркістан облысында тасқын су бірнеше ауылды бүлдірді. Тұрғын үйлер мен қора-қопсы су астында қалды.