Қытайдағы қарсылық
Қытайда ковидке қарсы карантинге наразылық болып жатыр. Шектеулерді алып тастауға үндеген демонстранттар президент Си Цзинпиннің де биліктен кетуін талап етті. Қытайдың Шыңжаң аймағында қар қалың түсіп, мал-жан қиындыққа тап болған. Тұрғындар мұны Пекиннің ковидке қарсы карантин шараларымен байланыстырады. Қазақстанның Екібастұз қаласында жылу электр станциясы бұзылып, күн суықта тұрғындар жылусыз қалған. Президент жекеменшік станцияларды мемлекетке қайтаруды тапсырды.