ІІ Елизавета патшайымның бүкіл ғұмырын көрсетер 30 фото
ІІ Елизавета 1952 жылы 6 ақпанда Ұлыбритания патшайымы болды, ол таққа әкесі Георг VI қатерлі ісіктен көз жұмған соң отырды. Ол 70 жылдан аса уақыт тақта отырып, Британияда ең ұзақ билеген монарх ретінде тарихта қалды. ІІ Елизавета кезінде Ұлыбританияда 16 премьер-министр ауысты. Ол 8 қыркүйекте 96 жасында қайтыс болды. Енді оның орнына үлкен ұлы принц Чарльз патша болады.

1
Елизавета үш жаста. 1929 жыл.

2
Жас ханшайым 40 жылдары.

3
Елизавета (сол жақ шетте әскери формада тұр) Букингем сарайының балконында әкесі патша король Георг VI; әкесі патшайым Элизабет; әпкесі, ханшайым Маргарет және премьер Уинстон Черчилльмен бірге тұр. 8 мамыр 1945 жыл.

4
Елизавета күйеуімен бірге бал айында. 1947 жыл.

5
Елизавета күйеуі Филиппен бірге. Екеуі 1947 жылы үйленген.

6
Елизавета, 1951 жыл.

7
ІІ Елизавета патшайым ретінде таққа отырған күн. Ол 27 жасында патшайым болды. Әкесі қатерлі ісіктен қайтыс болған соң Елизавета Африкадағы іссапардан оралып, таққа отырды. 1953 жыл.

8
Елизавета таққа отырған соң күйеуімен Букингем сарайында тұр. 1953 жыл.

9
Патшайым мен принц Филипп Джон және Жаклин Кеннедимен бірге. 1961 жыл.

10
Патшайым Иран шахы Мохаммед Реза Пехлевимен Тегеранда. 1961 жыл.

11
ІІ Елизавета "Битлз" тобымен. 1965 жыл.

12
Елизавета кіші ұлдары Эндрю және Эдуардпен. 1971 жыл.

13
Патшайым күйеуі және балалары принц Чарльз, ханшайым Анна, принц Эндрю және принц Эдуардпен. 1972 жыл.

14
Патшайым Лондонда. 1974 жыл.

15
Патшайым күйеуі Филиппен. 1977 жыл.

16
Елизавета үлкен ұлы Чарльз және әйелі Дианамен. 1981 жылдың наурызы.

17
ІІ Елизавета 1996 жылы.

18
ІІ Елизавета Нельсон Манделамен. 1996 жыл.

19
ІІ Елизавета Британия парламентінде. 1997 жыл.

20
ІІ Елизавета күйеуі принц Филиппен. 2002 жыл.

21
Патшайым мен принц Филипп Маргарет Тэтчермен кездескен сәт. 2005 жыл.

22
ІІ Елизавета 2012 жылы.

23
ІІ Елизавета Рим папасымен кездескен сәт. 2014 жыл.

24
ІІ Елизавета мен Чарльз ханзада Британия парламентінде. 2017 жыл.

25
Патшайымның отбасы принц Гарри мен актриса Меган Марклдың үйлену тойында. 2018 жыл.