ІІ Елизавета патшайымның бүкіл ғұмырын көрсетер 30 фото
ІІ Елизавета 1952 жылы 6 ақпанда Ұлыбритания патшайымы болды, ол таққа әкесі Георг VI қатерлі ісіктен көз жұмған соң отырды. Ол 70 жылдан аса уақыт тақта отырып, Британияда ең ұзақ билеген монарх ретінде тарихта қалды. ІІ Елизавета кезінде Ұлыбританияда 16 премьер-министр ауысты. Ол 8 қыркүйекте 96 жасында қайтыс болды. Енді оның орнына үлкен ұлы принц Чарльз патша болады.

26
Патшайымның отбасы Лондондағы Букингем сарайының балконында. 2018 жыл.

27
Патшайым мен сол кездегі АҚШ президенті Дональд Трамп. 2019 жыл.

28
ІІ Елизавета Виндзор қамалында. 2020 жыл.

29
Патшайым күйеуі принц Филипптің жерлеуінде. Коронавирусқа байланысты жерлеуге 30 адам ғана қатысты. 2021 жыл.

30
Патшайымның отбасы: үлкен ұлы Чарльз бен оның әйелі Камилла; принц Уильям, оның әйелі Кейт пен балалары; принц Джордж; ханшайым Шарлотта және принц Луи.