Украинадағы соғыс, қаңтардағы азаптау
Батыс барлаушылары Ресей президенті Путиннің айналасы одан "шындықты жасыратынын" мәлімдеді. Кремль жоққа шығарды. Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған туысқан төрт адам полициядан азап көргенін айтады. Қытайдың Шыңжаң аймағындағы саяси қуғын-сүргініне ұшырап, лагерге қамалдым деген тағы бір адам Азаттыққа сұхбат берді.