Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Нұр-Сұлтан қаласында 19 наурыздан бастап күшіне енетін карантинге байланысты жолаушылар әуре-сарсаңға түсіп жатыр. Кейбірі күні бұрын алған билетін кері өткізуге жанталасса, кейбірі “жолға шыға алмай қаламыз ба” деп алаңдайды. “Қазақстан темір жолы” компаниясы 22 наурызға дейін жолаушы тасымалдау то
Елді дүрбелеңге салған вирустан депутаттар қалай сақтанып жатыр?
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген екі қазақстандықтан коронавирус табылғанын айтты. Коронавирус жұқтырған әйел Қазақстанға 9 наурызда, ал ер адам 12 наурызда келген.
22 ақпанға жоспарланған митинг қарсаңында азаматтардың топтап ұсталып, жазалануы, кейбірінің үйінің сыртынан полицияның күзетуі адамдардың конституциялық құқықтарын бұзу емес пе? Сенат депутаттары не дейді?
Өткен аптаның соңында Қазақстанда әлеуметтік желілердің жұмысы баяулап, жұрт шағымы көбейді. Мюнхендегі қауіпсіздік жиынында жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев интернет жұмысын реттеуге пәрмен берген соң сайттар ашылып, әлеуметтік желі жұмысы қалпына келді.
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 10 адам қаза тапқан қазақ пен дүнген арасындағы этникалық жанжалдан соң қанша адамның қамалғаны әлі белгісіз. Үкімет жанынан құрылған комиссия да, ішкі істер министрлігі де ақпаратты ашып айтпай отыр. Билік жанжал кезінде 19 полицейдің жараланғанын хабарлады.
10 ақпандағы парламенттеғы отырыста Қордайдағы жағдай айтылмады. Азаттық тілшісі депутаттардан "Қордайдағы жанжалды парламент қабырғасында талқылайсыздар ма?" дег сұрады.
Бүгін Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың еден жуушы жұмысшылары наразылық танытты. Таң атпай жиналған ондаған қызметкер басшылықтың тазалыққа қажетті заттарды бермейтінін, коронавирустан сақтану үшін медициналық масканы сатып алуға міндеттейтінін айтты/
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстанды “Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалап жатқан Пекинге қысым жасауға шақырған” мәлімдемесін сынаған.
5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап, ас берді.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға бір күндік жұмыс сапары барысында Азаттыққа сұхбат берді. Дипломат АҚШ-тың Шыңжаңдағы "саяси тәрбие лагерьлері" бойынша ұстанымы, Орталық Азияда қандай мәселелерге басымдық беретіні және Қазақстанмен әріптестігінің болашағы жайлы айтты.
30 қаңтарда парламентте Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтің бір топ мүшесі депутаттар алдында есеп берді.
Қытайда коронавирустың ошағы Ухань қаласында Қазақстанның 98 азаматы қалып қойған. Қазақстан Уханьда қалған азаматтарын эвакуациялауы тиіс пе? Бұл туралы Азаттық Нұр-Сұлтан тұрғындарынан сұрап көрді.
Қытайда вирус тараған Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер биліктен эвакуациялауды сұрайды. Сыртқы істер министрлігі Уханьда Қазақстанның 94 студенті жүргенін айтады.
Нұр-Сұлтанда мемлекеттік бағдарламамен пәтер алған тұрғындар «үйіміз құлағалы тұр» деп шағынды. Жұртшылықтың сөзінше, баспанаға көшіп келгелі маза жоқ. Бірі терезе салса, енді бірі құбырларды ауыстырып әлек.
Нұр-Сұлтанда "Астана Опера" театрының алдына бір топ әйел жиналып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевты шақырды. Олар президенттен баспана мәселесін шешуді талап етті. Бұл уақытта театрда Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуы өтіп жатқан. Жиында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев та отырған.
Мәжіліс депутаттарының пікірі
Human Right Watch құқық қорғау ұйымы "Қазақстанда президент ауысқанымен жағдай өзгермеді, керісінше оппозицияны қудалау күшейіп, шеруге шыққандарды қамау, журналистерді ұстау толастамады" дейді. Есепке байланысты депутаттар пікірі.
Алматыдағы ұшақ апатын тергеген комиссия алдын-ала қорытындысын жариялады. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған комиссия мүшелері “негізгі себептің бірі - ұшаққа мұз қатып қалу” дейді.
Азаттық Радиосы журналистерінің жұмысына 2019 жылы кедергі көп кезікті. Билікке қарсы митингілерден хабар тарату кезінде тілшілерге түрлі шабуыл жасалды.
Тағы