Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
30 сәуірде Қазақстанның бас санитарлық дәрігері "Спутник V" вакцинасын салу аралық мерзімінің өзгертілгенін хабарлады.
Қазақстан Қытай вакцинасын сатып алды. 1 миллион доза "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының қызметкерлері мен олардың отбасына арналған. Қызығы – қор да, вакцинаны жеткізуші компания да қытайлық екпені кім таңдағанын нақты айта алмады.
Қазақстан президенті Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған жер комиссиясы жер дауын толыққанды шеше алмады.
Қазақстанда коронавирус індеті өршіп барады. Дәрігерлер ахуалы ауыр адамдардың аз емесін айтады.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында соңғы бірнеше күннен бері «Мұнайфилдсервис» және «Бұрғылау» деп аталатын екі компанияның мердігер мекемелерінде жұмыс істейтін мұнайшылар ереуілге шығып жатыр. Олар штатқа алуды және жалақы өсіруді талап етеді.
Атырау облысының Ресеймен шекаралас тұсындағы Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында аяқ асты басталған шекара сызығын белгілеу халықты алаңдатты. Олар ауылдың сулы аймағы Ресейге кетіп барады деп дабыл қақты. ҰҚК мұны ұзаққа созылған демаркация деп түсіндіреді. Бірақ шекараны белгілеуді тоқтатты.
Астанадағы «Шапағат» базарының алдында тұрып сауда жасайтын адамдар «әкімдік бізді жылы орнымыздан қуып жатыр» дейді. Олар билік ұсынған басқа жерде адам аз, сауда жоғын әрі оның жалдау ақысы қымбат екенін айтады.
Қазақстанда жұртқа жаппай Covid вакцинасы салынып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, вакцинаның алғашқы дозасы 500 мыңдай адамға, ал екінші дозасы 100 мыңдай адамға егілген. Денсаулық сақтау министрлігі сәуірдің соңына дейін 2 млн азаматқа вакцина салуды жоспарлаған. Бұл мүмкін бе?
Қазақстан өзі өндірген коронавирусқа қарсы екпені Түркияда дайындамақ. Ал бұған дейін Жамбыл облысында салынып, Қазақстан екпесін әзірлейді деп жоспарланған зауыт құрылысы әлі аяқталмаған. Осы ретте Азаттық тілшілері депутаттардан вакцинаның шетелде өндірілу себебін сұрап көрді.
Ислам дінін ұстанатын қауым үшін аса маңызды діни рәсім – Ораза ұстау басталды. Рамазан айында биыл да індетке байланысты шектеу мен тыйым көп. Қазақстандағы мешіттер ауызашарды бұрынғыдай мереке қылып өткізе алмайды.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жер дауы. "ІІІ Интернационал" ауылының бір топ тұрғыны үлесіміздегі жерді өзгелер иеленіп алды дейді. Олар осы мәселемен сотқа да шағымданған. Ал жерді игергелі жатқан азамат тұралаған шаруашылыққа инвестиция салып жатырмын дейді.
Парламенттің төменгі палатасы ауылшаруашылық жерін шетелдіктерге сатуға әрі жалға беруге тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жоба президент бастамасымен дайындалған. Ал белсенді «бұл заң бұған дейін сатылып кеткен жерді қайтаруға қауқарсыз» дейді.
Парламенттің төменгі палатасы мәжіліс ауылшаруашылық жерін шетелдіктерге сатпайтын, жалға да бермейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жоба президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дайындалған. Ал 2016 жылы жер митингісіне қатысқан белсенді «бұл заң бұған дейін сатылып кеткен жерлерді
7 сәуірде Қазақстан парламентінің төменгі палатасы шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осыған орай Азаттық тілшілері депутаттар арасында «Жерді Қазақстан азаматтарына сатуға қалай қарайсыз?» деген сұрақ қойып, сауалнама жүргізд
Шымкент қаласының іргесіндегі Алтынтөбе ауылында полиция жексенбі күні елу шақты тұрғынды ұстап әкетті. Енді оларды әкімшілік жазаға тартпақ. Тұрғындар саяси ұран айтпаған, тек басшысы ұсталған цехты қайта ашуды сұраған.
Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылды. Биліктен баспана, жәрдемақы талап етіп жүрген тұрғындар "астана әкімі Алтай Көлгінов мәселемізді шешпеді" дейді.
Қазақстанда саяси белсенділер президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сотқа берді. Олар перзидент пен парламент палаталарының спикерлері сайлау туралы заңға енген өзгеріске байланысты сот алдында жауап берсін дейді.
Ақтөбедегі "КМК Мұнай" компаниясы мұнайшылар талабы орындауға мәжбүр болды. 25 наурыздан бері ереуілге шыққан жұмысшылар ақыры кәсіподақ басшысы етіп өз адамын сайлады.
Президент Тоқаевтың парламентке жолдаған Жер туралы заң жобасын талқылайтын қоғамдық комиссияның жұмысы басталды. Кеңес қаншаға созылары белгісіз. Негізгі меже - жыл соңы. Желтоқсанда бес жыл бұрынғы митингілерден соң бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған мараторий аяқталады.
Семейдегі спорт кешені мен көшеге Қазақстанның бұрынғы президенті Назарбаев есімінің беру ұсынысы жеке басқа табыну емес пе?
Тағы