Жарақат алған сарбаздарды атқа мінгізіп емдеу әдісі бар. Оны ғылым тілінде иппотерапия деп атайды. Ресей басқыншылық соғысында аяқ-қолынан айырылған украин сарбаздары бүгінде осы емге жүгініп, жаңа өмірге бейімделіп келеді.
Украинаның Ресей басып алған қалаларының бірі – Мариуполь. Ол – елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде, теңіз жағасында орналасқан. Осы күндері жергілікті блогерлер видео түсіріп, қала тіршілігін көрсетіп жүр.
Азаттықтың Қырғыз қызметі біреудің тоқалы болуға келісіп, кейін опық жеген арулардың әңгімесін жазып алды.
Қарақалпақстандағы жағдай Өзбекстан билігінің болашағына қалай әсер етеді? Қантөгістің алдын алуға болар ма еді? Бұл оқиғаның салдары қандай болмақ? "Настощее время" телеарнасы жағдаймен таныс саясаттанушы мен құқық қорғаушыдан осы сұрақтар төңірегінде сөйлесті.
Украина мектептерінде оқу жылы аяқталып жатыр. "Настоящее время" Северодонецк қаласындағы бастауыш сынып мұғалімімен сөйлесіп, соғыс кезінде олардың қалай жұмыс істеп жатқанын анықтап көрді. Наурызда эвакуация жасалғанда Львовқа кеткен ұстаз, соғысқа қарамастан, жұмысын қашықтан жалғастырған.
Мәскеу Украинада жаулап алған жердегі халықты іріктеп, Ресейге жіберіп жатыр. Кей деректерде көшуге көнбеген адамдардың тұтқында отырғаны айтылады. Сарапшылар мұндай мәжбүрлеп депортациялауды қылмысқа жатқызады.
Киевті үш күнде алмақ болған Кремльдің ойы іске аспай, Украинаға ашқан соғысы жалғасып жатқанына үш ай болды. Соғыс басталғалы бері екі елдің әскері қалай өзгерді? Алда не күтіп тұр? "Настоящее время" арнасы халықаралық қатынастар және қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Павел Лузиннен сұхбат алды.
Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко "Настоящее время" басылымына сұхбат берді. Ол Ресей "Азовстальда" берілген украин сарбаздарын "пиар-акция" ретінде қолдана алмайтынын, "путинсіздендіру" процесі әлемді Путинге қарсы коалицияға біріктіретінін айтты.
Ресей күштері Украинада басып алған өңірлерде жергілікті шенеуніктерді, ауыл басшылары мен қала мэрлерін тұтқынға алып жатыр. Украина билігі шамамен 14 қаланың демократиялық жолмен таңдалған басшысының тұтқындалғанын хабарлады. Оккупанттар олардың орнына Ресейге бағынатын өз адамын қойып жатыр.
Соғысқа дейін Украина компаниялары ай сайын Қара теңіз арқылы шетке бес миллион тоннаға жуық бидай, жүгері, арпа және өзге дәнді дақыл жөнелтетін. Ресей соғыс бастағаннан кейін Қара теңіз жағалауындағы Украинаның бірқатар портты қаласын басып алғанымен қоймай, украин астығы саудасына бөгет қойды.
Ұлыбритания жариялаған жаңа санкция тізімінде Ресей президенті Владимир Путиннің туыстары бар. Британ үкіметінің хабарламасында осы тізімдегі Алина Кабаеваның Путинмен "жақын қарым-қатынаста" екені айтылған. "Настоящее время" сайты "Навальный тобының" мүшесі Любовь Собольмен санкция жайлы сөйлесті.
14 сәуірде Қара теңізде Ресейдің "Москва" крейсері суға батқаннан кейін, кеме экипажының мүшелері жайлы туыс-жақындарының айтқаны әлеуметтік желіде тарап жатыр. Қазірге дейін кемінде бес адамның хабар-ошарсыз кеткені және бір адамның қаза тапқаны белгілі. Ресей билігі олар жайлы тіс жармай отыр.
Мариуполь тұрғыны Виктория Дубовицкая Ресей әскері ішінара басып алған қалада екі жас баласымен үш апта бойы толассыз жауған бомба астында үреймен өмір сүрді. Виктория мен балалары 16 наурызда кешке Ресей қарулы күштері жасаған алапат әуе шабуылын көзімен көріп, әупірімдеп аман қалған.
Алматы тұрғындары қаңтардағы дүрбелең кезінде Республика алаңы мен президент резиденциясына жақын маңдағы пәтерлердің көбі бүлінгенін айтты. Кей адамдар өлім аузынан қалған.
Қырғызстан дипломаттары Қазақстанда қаңтардың басында болған жаппай наразылық мен тәртіпсіздік кезінде жоғалып кеткен қырғыз азаматы Шолпанбек Сыдықовты тауып, еліне жеткізді. Қабырғасы мен екі аяғы бірдей сынған жігіт өзін Алматы полициясы ұрып-соққанын айтты.
Ресейдегі билікшіл ақпарат құралдары жұртты Қазақстандағы жаппай наразылық пен тәртіпсіздіктің артында сыртқы күштер мен Батыс тұр дегенге сендіруге тырысып жатыр. Бірақ медиалар айтқан я жазған сөзіне еш дәлел келтірмейді.
Тағы