10 қыркүйекте әлем елдері суицидпен күрес күнін атап өтеді. Қазақстан әлемдік рейтингте жан басына шаққанда суицид саны бойынша алдыңғы қатарда. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы көрсеткіш жоғары. Сарапшылар билік суицидпен тиімсіз күресіп отыр деп санайды.
8 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета 96 жасында қайтыс болды. Ол ұлт бірлігі мен тұрақтылық символына айналған еді. Оның кезінде монархия екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және әлеуметтік проблемаларды еңсерді.
Қазақстанда алдағы кезектен тыс президент және келесі жылы көктемде өтуі тиіс парламент сайлауларына бюджеттен 45 миллиард теңге жұмсалмақ. Алматыда азаптаудан өлген азаматтың туыстары іс жөнді тергелмей жатқанын айтып наразалық білдірді.
Осы айда Қытай президенті Си Цзиньпин Орталық Азия елдеріне мемлекеттік сапармен барады. Өзбекстандағы саммитте оның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетіні хабарланды. Си Цзиньпин коронавирус пандемиясы басталғалы алғаш рет шетелге мемлекеттік сапар жасағалы тұр.
Мәжіліс экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне белгіленген "1 желтоқсан - Тұңғыш президент күнін" мемлекеттік мереке қатарынан шығарып тастауды мақұлдады.
Азаттық тілшілері Қостанай облысына барып, өрттен зардап шеккен тұрғындармен тілдесіп, ауылдардың қазіргі жағдайын көрді.
Қазақстанның Қостанай облысындағы өрт бірнеше елдімекенді шарпыды. Ауылдар түгелімен жанып кетті. Бір адам мерт болды. Қазақстанның оппозициялық белсенділері алдағы президент сайлауы қарсаңында бас қосып, ортақ кандидат шығару мәселесін талқылады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы қатысушыларына рақымшылық жариялар алдында құзырлы орган басшыларымен ақылдаспаған ба? Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайға рақымшылық жасала ма? Жары Инга Иманбаймен сұхбат.
Биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы, келесі жылы мәжіліс сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін, 1 қыркүйектегі жолдауында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Жолдауда Тоқаев бір тақырыптан екіншісіне жиі ауысып, көптеген уәде берді.
Мәскеу орталық клиникалық ауруханасында Совет одағы Коммунистік партиясы орталық комитетінің соңғы бас хатшысы Михаил Горбачев 91 жасында қайтыс болды.
Мәскеу түбінде ресейлік оңшыл радикал философ, "орыс әлемінің" идеологы Александр Дугиннің қызы автокөлігі жарылып, қаза болды. Екі күн өтер-өтпесте Ресей федералды қауіпсіздік қызметі 29 жастағы Дарья Дугинаны кім өлтіргенін анықтағанын мәлімдеді.
8 сәуір күні Ресей күштері Украинаның Краматорск қаласындағы вокзалды зымыранмен атқылағанда Яна мен оның анасы Наталья Степаненко аяғынан айырылған. Қазір екеуі де АҚШ-тағы емделу орталығында протезбен жүруді үйреніп жатыр. (ЕСКЕРТУ: Кейбір кадрлар ауыр тиюі мүмкін)
Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 20 пайызға қымбаттаған. Экономистердің бағалауы бойынша, шынайы инфляция мөлшері ресми деректен әлдеқайда жоғары. Қымбатшылық бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ауыр соғып жатыр.
Тағы