БҰҰ адам құқығы кеңесінің жұмыс тобы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы, қамаудағы Кәрім Мәсімовті ұстау кезінде халықаралық нормалар бұзылғанын мәлімдеді.
Алматыда "қаржы пиримидасына алдандық" деген бір топ азамат полиция департаментіне барып, компанияны құрған адамдардың ұсталмағанына шағымданды. Олардың сөзінше, алдап кеткен адамның бірі – экс-депутат.
20 қарашадағы президент сайлауы кезінде Алматыда 600-ден астам учаске жұмыс істейді. Олар қазірден бастап дайындыққа кірісіп кеті. Азаттық тілшісі бірнеше учаскені аралап, комиссия мүшелерімен сөйлесті.
Ресей Украинаға тағы да топтап зымыран атты. Киев ресейліктер ұшырған 50 шақты зымыранның көбін қағып түсіргенін мәлімдеді.
Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке үкім шықты. Екеуіне шартты жаза кескен судья қосымша 1,3 миллиард теңге шығынды өтеуге міндеттеді. Біртанов үкіммен келіспейді.
Қазақстан Конституциясына президент туыстарының белгілі бір мекемелерде басшылық қызмет атқаруына тыйым салатын тармақ қосылды. Ақорда мен оның саясатын жақтаушылар бұл сөйлем Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсындағыдай президент төңірегінің шектен тыс баюына жол бермейді дейді. Шынымен солай ма?
Қазақстанның солтүстік-батысындағы Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласы бір ай бұрын Ресейден ағылған нөпірге тап болған. Жергілікті жұрт мобилизациядан қашқандарды қалай қабылдады? Қалада қалған ресейліктер не дейді? Оралдықтардың оларға көзқарасы қандай?
Қазақстан президентін сайлау іс-шарасына кандидат тіркеу аяқталды, енді президенттіктен үміттілер үгіт-насихатқа кіріседі.
Қазақстан президенті сайлауына қатысатын кандидаттарды тіркеудің аяқталуына бір күн қалды.
Кейінгі күндері Тәжікстанда үш тәуелсіз журналист сотталып, бостандығынан айрылды. Тағы бірнеше адамға сот үкімі шықпақ. Сарапшылар оларға күмәнді айып тағылғанын, биліктің өзгеше ойлайтындарды басып-жаншып жатқанын айтады.
Қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатқандарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мәжіліс қабылдады. Қолдамаған үш депутаттың бірі "халыққа оқ атқандарды жауаптан құтқаруға болмайды" дейді.
Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" тізіміне қосқан Ермек Нарымбаевтың түрмеде аштық жариялағанына 17 күн болды. Диссидент сырттағы қолдаушыларына "Өлім" деп аталатын өсет-хат жазған. Адвокаты Нарымбаевтың әбден әлсірегенін айтады.
Ratel сайты президент Қасым-Жомарт Тоқаев атынан ашылған қор кәсіпкерлерді ақша аударуға мәжбүрлеп жатқанын жазды. Ақпаратқа Ақорда жауап қатпады. "Аманат" партиясы мен ОСК мақаладағы мәліметті растамады, бірақ терістеген де жоқ. Президент сайлауын бақылауға ниеттілер біріге бастады.
Дүйсенбі, 17 қазан күні Иран билігі Тегерандағы атышулы Эвин түрмесіндегі өрттен қаза тапқандар саны сегізге жетті деп хабарлады. Түрме 16 қазанға қараған түні елді наразылық жайлаған тұста өртке оранған.
Астанада түске дейін ТМД елдері басшыларының саммиті, түстен кейін "Орталық Азия - Ресей" саммиті өтті.
Өскемен қаласында бюджет есебінен салынған 43 үй қаңырап бос тұр. Тұрғындар сөзінше, үйлер әбден ескіріп, тозып барады. Қала әкімі жауапты компанияның жұмысты аяқтамай кеткенін, мемлекетке жүз миллион теңгеден аса шығын келгенін айтады.
Мәскеуде Қырғызстан тумасы, Ресейде әскерде болмаған әрі бүйрегі ауыратын 36 жастағы азаматты үйінен полиция мобилизация орталығына апарған. Сол жерде талып қалған ол екі рет жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Ауруханадан шыққан соң мобилизация орталығына барудан бас тартқан азамат қазір тығылып жүр.
Алматыда бірнеше адам Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға келуіне қарсылық білдірді. Оларды Ресей консулдығы маңынан полиция ұстап әкетті.
Тағы