Үкімет қаулысына қарағанда, 2025 жылы Қазақстанда көктемгі және күзгі жиын кезінде 42 мыңнан астам адам әскерге шақырылмақ.
Көктемгі шақыру наурызда басталып, маусымда аяқталады. Ал күзгісі қыркүйек-желтоқсан айларында өтпек. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы ер адамдар алынбақ. Қаулыдан ҚазТАГ агенттігі үзінді келтіреді.
Ішкі істер министрлігіне шақыру және жөнелту орындарында күшейтілген кезекшілікті ұйымдастыру тапсырылған. Ал көлік министрлігі әскери борышын өтеп, запасқа жіберілген әскери қызметкерлерді және әскерге шақырылған азаматтарды тасымалдаумен айналыспақ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қазақстан әскерінің қауқары қандай? Министрлік өкілі мен сарапшының айтқаны