Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы 2 наурызда елде өткен парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы жариялады. ОСК мәліметі бойынша, биліктегі Халықтық демократиялық партия (ХДП) 51,9% дауыс алған.
Осы жолғы сайлауға өз кандидаттарын тіркеген 6 партияның 5-і партиялық тізімдер бойынша парламентке өтіп, төмендегідей орын алды:
Халықтық демократиялық партия – 12;
Аграрлық партия – 5;
Экономикалық реформалар партиясы – 3;
Демократиялық партия – 1;
Социалистік партия – 1.
Коммунистік партия парламентке өткен жоқ.
Парламенттегі 63 орынға барлығы 220 кандидат таласқан.
Коммунистік партия парламентке өткен жоқ.
Парламенттегі 63 орынға барлығы 220 кандидат таласқан. Парламенттің төменгі палатасын сайлауға дауыс беруге елде тіркелген сайлаушылардың 85,3% қатысты деп хабарлады ОСК.
Елдегі жалғыз оппозициялық партия – Социал-демократиялық партия съезін өткізген жоқ, парламент сайлауына кандидаттар да ұсынбады. Бұл жолғы сайлауға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бақылаушылары қатыспады, тәуелсіз БАҚ-тарға аккредитация берілмеді деп хабарлады Азаттықтың Тәжік қызметі – Озоди радиосы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Орталық Азияда еркіндік нығаймаған". Freedom House есебі жарық көрдіАқпан айының басында ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы (ДИАҚБ/ЕҚЫҰ) Тәжікстандағы парламенттік сайлауға бақылаушы жібермейтінін мәлімдеген.
"Тәжікстан билігінің халықаралық бақылаушыларды аккредиттеу мәселесінде кепілдік бермеуі, өкінішке қарай, елдегі алдағы парламенттік сайлауды бақылауға бармауға себеп болды", – деп хабарлады ДИАҚБ.
ЕҚЫҰ миссиясы 1990-жылдардан бері Тәжікстандағы сайлауларды бақылап келген және әр кез оларды еркін емес, демократиялық емес және халықаралық стандарттарға сай келмейді деп атаған.
Тәжікстан билігі сондай-ақ сайлау процесін көрсетуге ықылас білдірген жергілікті тәуелсіз және халықаралық БАҚ-тарды аккредиттеуден бас тартты, мәселен, Озоди тілшілерін «аккредитация мерзімі өтіп кетті» деген сылтаумен сайлау барысынан хабар дайындауы мүмкіндігінен айырған. ОСК оларға тек аккредиттелген БАҚ-тардың ақпараттарын немесе ОСК-ның ресми сайтына шыққан хабарламаларды пайдалануды ұсынды. Сайлау процесін жариялауға тек мемлекеттік жергілікті басылымдар мен кейбір ресейлік БАҚ өкілдеріне рұқсат етілді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Ол түрмеден қаймыққан жоқ". 8 жылға сотталған Рухшона Хакимова кім еді?