Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Құрлықтық жарыс 18-рет ұйымдастырылып жатыр. Жарысқа 47 елден 17 мыңға жуық спортшы қатысады. Азиада қыркүйектің 2-сі аяқталады.
Азия ойындарының ашылу салтанаты қалай өтті?

1
ЮНЕСКО мәдени мұрасы тізіміне енген Индонезия ұлттық биін билеп жатқан өнерпаздар.

2
Қазақстан делегациясы Азия ойындарының ашылу салтанатында. Ел туын боксшы Әбілхан Аманқұл ұстап шықты.

3
Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады.

4
Ашылу салтанатынан көрініс. Стадиондағы негізгі сахна сарқырама және джунгли ретінде безендірілген.

5
Индонезия президенті Джоко Видодо стадионға мотоциклмен кірді.

6
Индонезия президенті Джоко Видодо (оң жақта) және Азия олимпиада консулдығының президенті Шейх ал-Фахад ал-Сабах (ортада) ашылу салтанатында.

7
Азиядағы спорты дамыған Жапония елінің делегациясы.

8
Азия ойындарында ең көп медальға үміткер Қытай делегациясы. Бұл ел Азиадаға 800-ден астам спортшы әкелген.

9
Жазғы Азия ойындарының ашылу және жабылу салтанатына Оңтүстік және Солтүстік Корея спортшылары бір тудың астында шықты.

10
Қырғызстан құрамасы құрамалар шеруінде.

11
Ашылу салтанатындағы би.

12
Ашылу саланаты табиғат және жасыл әлем тақырыбына арналды.

13
Ашылу салтанатына мыңдаған артист пен биші қатысты.

14
Ашылу салтанатының негізгі сахнасы.

15
Ашылу салтанатында отпен билеп жатқан бишілер.

16
Бадминтоннан Барселона олимпиадасының чемпионы индонезиялық Суси Сусанти Азия ойындарының алауын әкеле жатыр.

17
Бадминтоннан Барселона олимпиадасының чемпионы индонезиялық Суси Сусанти Азиада алауын жағып жатыр.
ПІКІРЛЕР