Біреуін өшіріп тастаса, басқаларын бояған, бүлдірген, үстінен басқа сурет жапсырған. Кабулды тәліптер басып алғалы көше жарнамаларындағы әйел бейнесі осылай жойылып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында аты-жөнін жасыруды өтінген фрилансер фотограф түсірген суреттерден ауған астанасының бүгінгі келбетін көруге болады.
Кабул көшелерінде әйел бейнесі жоғалып барады

1
Сайлаушы әйелдің суреті бейнеленген мурал. Әйелдің бетіне баллонмен бояу шашып тастаған.

2
Сұлулық салонының есігі тарс жабық, сыртындағы әйел суреттерін бояп тастаған. Жергілікті тұрғынның айтуынша, бұл бизнеспен негізінен әйелдер айналысқан. Кей жағдайда салон иелерінің туыстары тәліптерден қорқып, өздері-ақ суреттердің көзін құртқан.

3
Кабулдың Шар-э-Нау ауданындағы жабық тұрған сұлулық салоны

4
Сауда үйінің кіреберісіндегі беті боялған әйел суреті

5
Америкалық қару ұстаған «Талибан» өкілі Шар-э-Наудағы аэрозоль бояумен бүлдірілген сұлулық салоны афишасының тұсынан өтіп барады.

6
Әйел құқықтары мен сөз бостандығы тақырыбына арналған мурал. Әйелдердің беттері боялған. Болжам бойынша, бұл сияқты суреттерді тәліптер мен олардың дүниетанымын қолдайтын адамдар бүлдіріп тастаған.

7
Жұмысшылар әйел бейнеленген муралды бояп жатыр. Артынша олар бұл дуалға түрлі ұран жазып, тәліптерді қолдайтын суреттер салды. Суретшілердің айтуынша, оларды тәліптер жалдаған.

8
Әйел бейнесі біртіндеп жоғалып барады.

9
Дуал ақ түске боялып, оған «Ислам жүйесі мен тәуелсіздік үшін қиындықты жеңіп, сабырлы болайық» деп жазылған.

10
Киім-кешек базарында жарнама суреттеріндегі әйелдердің бет-жүзін бояп тастаған

11
Сұлулық салонының сыртқы көрінісі. Кісі қолы жететін жерде тұрған жарнама суреттері фольгамен жабылған

12
Шар-э-Наудағы сұлулық салонының сыртқы көрінісі

13
Кабулдағы жекеменшік университеттің дәрісханасындағы студенттер. «Талибан» жігіттер мен қыздардың аралас отыруына тыйым салды. Кабулда түсірілген басқа суреттерде ерлер мен әйелдерді бөлек отырғызып, ортасына перде тұтып қойған.