Арал теңізі маңындағы Қазақстанның Қызылорда облысын қарайтынҚаратерең, Бөген және Жалаңаш ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы фотогалерея. Суреттер сәуір айында түсірілген. (Reuters фотолары).
Арал теңізі маңындағы ауылдардың өмірі

1
Аралға балық аулауға шыққан Қаратерең ауылының тұрғыны.

2
Қаратерең ауылының халқы бұрын Арал теңізінен балық аулап күн көретін. Қазір 150 тұрғыны бар ауылда көбі мал бағады.

3
Қаратерең ауылының тұрғыны қайығын теңіз жағасына шығарып жатыр.

4
Қаратерең ауылының 56 жастағы тұрғыны Ералы Серімбетов үйінің алдында отыр.

5
Ауылды жерде мотоцикл ыңғайлы көлік түрі саналады. Қаратерең ауылының тұрғыны мотоцикліне бензин құйып жатыр.

6
Арал теңізі жағасында жүрген балықшылар.

7
Қаратерең ауылында ойнап жүрген балалар.

8
Қаратерең ауылы тұрғындарының теңізге балық аулауға шыққан сәті.

9
Арал маңындағы кешқұрым сәт.

10
Арал теңізі маңында түйе өсіретіндер жиі кездеседі. Жалаңаш ауылының тұрғыны Кенжебек ұлы Ернұрмен бірге түйелерінің жанында тұр.

11
Арал теңізі маңындағы Жалаңаш ауылындағы түйелер.

12
Арал теңізінің тартылған бөлігінде қалған балықшылар қайығының қаңқасы.

13
Бөген ауылындағы мектепте сабақта отырған оқушылар.

14
Арал теңізі маңындағы Бөген ауылы тұрғыны Болдай Жақсылықованың шаңырағындағы кешкі ас.

15
Бөген ауылының тұрғыны Ақкенже Әбдиева домбырамен ән салып отыр.