Украинадағы соғыстың 3 жылы: суреттер сөйлесін
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.

1
Соғыстың алғашқы күні Киев метро станциясында баласын құшағына қысып отырған әйел. 2022 жылғы 24 ақпан.

2
Киев түбіндегі Буча қаласында күйреген ресейлік танк колоннасы. 2022 жылғы 1 наурыз. Соғыстың алғашқы күндері Ресей әскері осы қаланы басып, бір айға жетпей қаланы тастап кетті. Ресей әскері бұл қаладан шегінген соң көптеген әскери қылмыстың айғағы анықталды. Буча қырғыны көптеген елдің Ресей агрессиясына көзқарасын өзгертті.

3
Тұрғындар Буча және Ирпень қалаларынан қашып барады. 2022 жылғы 11 наурыз.

4
Чернигов облысының солтүстігіндегі қаланы азат еткен украин әскеріне қол бұлғап тұрған әйел. 2022 жылғы 2 сәуір.

5
Украина солтүстік-шығысындағы Харьков облысында украин сарбазына дұға оқып тұрған әскери капеллан Александр. 2022 жылғы 24 сәуір.

6
Донецк облысындағы украин танк механигі суретке түсіп тұр. 2021 жылғы 11 маусым.

7
Харьков түбінде орналасқан Салтовка елдімекеніндегі соғыстан бүлінген тұрғын үйлер. 2022 жылғы 13 қыркүйек.

8
Қолы қайырылып байланған украин сарбазының сүйегі Изюм түбіндегі зираттан қазылып алынған сәт. Харьков облысы, 2022 жылғы 16 қыркүйек.

9
Өртпен күрес қызметкері "Шахид" дроны түскен үйдегі өртті сөндіріп жатыр. Киев, 2022 жылғы 17 қазан.

10
9 жасар қыз Софийка Луганск облысының шығысындағы Макеевкадан эвуакциялау кезінде теңіз шошқасын құшақтап тұр. 2022 жылғы 19 қараша.

11
Донецк облысындағы украин әскері Батыс елдері берген гаубицалармен атқылап жатыр. 2022 жылғы 23 қараша.

12
Қанға боялған беренді сауыт. Донецк облысындағы Соледар түбінде түсірілген сурет. 2023 жылғы 23 қаңтар.

13
Донецк облысындағы Бахмут қаласының орталығы. 2023 жылғы 25 ақпан.

14
Бахмутта жүрген украин жауынгері. 2023 жылғы 25 ақпан.

15
Бекінісі артиллериялық атқылауға ұшыраған украин сарбазы. 2023 жылғы мамыр.

16
Бахмут түбінде Ресей бекінісін шабуылдаған украин сарбаздары. 2023 жылғы мамыр.

17
Украин жауынгерлері Бахмут түбінде тұтқынға түскен ресейлік сарбазға су беріп жатыр. 2023 жылғы мамыр.

18
Украин сарбазы Донецк облысы Благодатное кентінде атқылауға ұшыраған үйдің ішінде тұр. 2023 жылғы 17 маусым.

19
Жұмысшылар Киевтегі "Отан-Ана" ескерткішінің қалқанына украиналық үштағанды орнатқан соң шаттанып тұр. 2023 жылғы 6 тамыз. Үштаған орнатылғанға дейін ол тұста совет эмблемасы болған.

20
Чернигов қаласына Ресей күштері жасаған зымыран шабуылының салдары. 2023 жылғы 19 тамыз.

21
Соғыс алаңына айналған Авдеевка қаласында қабырғасына мурал салынған үйдің қасынан өтіп бара жатқан сарбаз. Донецк облысы, 2023 жылғы қараша.

22
Украиналық миномет бөлімінің жауынгері таңсәріде темекі тартуға үзіліс алған сәт. Бахмут түбіндегі бекініс. 2023 жылғы желтоқсан

23
Украин жауынгерлері аспанға қарап, ресейлік дрондар бар-жоғын аңдап тұр. Бахмут түбіндегі бекініс. 2024 жылғы 6 наурыз.

24
Бариста Ресей зымыран шабуылынан бүлінген кофеханасында жұмыс істеп жатыр. Киев, 2024 жылғы 25 наурыз.

25
Өрт сөндіру қызметкерлері Ресей зымыраны жермен-жексен қылған үйдің орнында жүр. Киев, 2024 жылғы 25 наурыз.