Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір аптадан асып кетті. Осы уақытта Ресей әскери Украинаға жүздеген ракета мен артиллерия, бомба атты. Киев, Харьков, Чернигов, Одесса, Мариуполь, Сум сынды қалалар көп зардап шекті. БҰҰ есебінше, Украинадан бір миллионнан астам адам босып кетті, 300-ден аса бейбіт тұрғын қаза болды. Екі тараптан да әскерилер қаза тапты.
Шашылған мәйіттер, босқан жұрт, қираған қала. Украинадағы соғыстың зардабы

1
Ирпень қаласынан қашып шықпақ болған адамдардың мәйіті. Бұл қала Ресей тарапынан ауыр шабуылға ұшырады. 6 наурыз 2022 жыл.

2
Украина солдаттары бейбіт тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Киев маңы. 5 наурыз 2022 жыл.

3
Киев маңындағы Ирпень қаласынан қашып бара жатқан әйел мен бала. 6 наурыз 2022 жыл.

4
Ирпень қаласында отқа оранған үй. 4 наурыз 2022 жыл.

5
Харьков облысында шабуылға ұшыраған аймақ.

6
Ирпень қаласына шабуыл жасалғанда қашып бара жатқан ер адам мен бала. 6 наурыз 2022 жыл.

7
Ирпеньдегі шабуылға ұшыраған тұрғын үй. 6 наурыз 2022 жыл.

8
Жұрт Киев сыртындағы қираған көпірдің астында тығылып тұр. 5 наурыз 2022 жыл.

9

10

11
Харьков облысындағы бомба түскен жер. 6 наурыз 2022 жыл.

12
Винница қаласындағы халықаралық әуежайға бомба түсіп, өртке оранды. 6 наурыз 2022 жыл.

13
Украина әскерилері танкілерге қарсы қолданылатын қару ұстап тұр. 6 наурыз 2022 жыл.

14
Украина әскерилері Киев сыртында Ресей әскерімен атысып жатыр. 6 наурыз 2022 жыл.

15
Киев мэрі Виталий Кличко Украина әскерилерімен бірге. 6 наурыз 2022 жыл.

16
Киевтен Львовқа қарай бет алған бала әкесімен қоштасып тұр. 6 наурыз 2022 жыл.