Осы аптада әлемнің шартарабынан түсірілген фотоларды ұсынамыз. Азаттықтың фотогалереяларын мына сілтемеден көре аласыз.
Теңіздегі жарылыс және Прагадағы отшашу

1
Сербия астанасы Белградтағы шіркеу маңында серуендеп жүрген тұрғындар

2
Ирландияның Голуэй графтығында өтетін жыл сайынғы жәрмеңкеден көрініс

3
Норвегиялық F-16 әскери ұшағы.

4
Теңіздегі жарылыс. Норвегияда НАТО тарихындағы ең ірі әскери жаттығулардың бірі өтіп жатыр

5
Непалдық фермер

6
Абу-Дабиден 40 шақырым жердегі Парсы бұғазының Далма аралы жағалауында ау мен кәрзеңке тоқып жатқан шаруалар

7
АҚШ-қа жол тартқан Гватемала мигранттары өзенді аман-есен кесіп өткенін тойлап жатыр

8
Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтан қалған әмиян. Су бетінде қалқып тұр. 29 қазан 2018 жыл

9
Мәскеу орталығында ФСБ ғимаратының жанындағы ескерткіш маңында советтік лагерьге қамалып, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды еске алып тұрған азаматтар

10
Грекия астанасы Афиныдағы студенттер шеруінен көрініс. Бетін тұмшалап алған студенттердің бірі оқу шартын қатаңдататын заң жобасына қарсылық шарасында полиция жаққа қарай жарылғыш заты бар бөтелке лақтырып жатыр.

11
Үндістан шаруалары

12
Хэллоуин мерекесі қарсаңында Киевте болған шаралардың бірінен көрініс. Қатысушылардың бірі сыпыртқымен секіріп тұр

13
Газа секторы жағынан Израильге қарай бағытталған зымырандарды жоятын жүйенің іске қосылу сәті

14
Чехославакияның құрылуына 100 жыл толуын атап өткен Прага қаласындағы отшашу. 28 қазан 2018 жыл