Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласында карантин жарияланды.
Ухань. Қытай билігі вируспен күресіп жатыр

1
Комбинезон киіп, маска таққан адамдар Пекин метросындағы жолаушыларды тексеріп жатыр. Пекин, 24 қаңтар 2020 жыл.

2
Пекин вокзалында маска таққан жолаушылар. 24 қаңтар 2020 жыл.

3
Ухань қаласындағы (Хубэй провинциясы) ауруханада дәрігер адамдардың дене қызуын өлшеп жатыр. 24 қаңтар 2020 жыл.

4
Уханьдағы Чжуннань ауруханасында да дәрігерлер солай киінген. 22 қаңтар 2020 жыл.

5
Ухань қаласында науқасты Қызыл Крест ұйымының ауруханасына көшіріп жатыр. 23 қаңтар 2020 жыл.

6
Уханьда шұғыл уақытша аурухана салуға көшті. Төбеден түсіргендегі көрініс. 24 қаңтар 2020 жыл.

7
Милиция Ухань қаласының ақылы шоссесіне кіреберіс жерде жолаушылардың дене қызуын тексеріп жатыр. 23 қаңтар 2020 жыл.

8
Ухань қаласының метросында жолаушылардың дене қызуын көрсететін мониторлар. 21 қаңтар 2020 жыл.

9
Дәрігерлер Уханьға жақын орналасқан Сяньнин қаласынан Солтүстік темір жол вокзалына келген жолаушыларды тексеріп жатыр. 24 қаңтар 2020 жыл.

10
Наньчан қаласындағы вокзалды дезинфекциялап жатыр. 22 қаңтар 2020 жыл.

11
Медициналық маска шығаратын зауыт жұмысшылары. Қытайда вирус тарағаннан кейін маскаға сұраныс күрт артқан. Ханьдань, Хэбэй провинциясы. 23 қаңтар 2020 жыл.

12
C дәрумені мен қолды тазалайтын заттарды алу үшін кезекке тұрған жұрт. Гонконгта оны тегін таратып жатыр. 24 қаңтар 2020 жыл.