Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының мақта еккен диқандары терімші таппай қиналып жатқанын айтады. Мақта өсірушілердің сөзіне қарағанда, Өзбекстаннан келген терімшілер қолдан-қолға тимей жатыр.
Мақтаралдағы мақта терімі

1
Өзбекстанның Сырдария облысынан Есентаев ауылына келген 14 терімшінің жас шамасы 20-35 аралығында. Олардың әрбірі күніне кемінде 150 килограмм мақта тереді. Терілген 1 килограмм мақта үшін 20 теңге ақы алады.
Суретте: Есентаев ауылында мақта теріп жүрген өзбекстандық мигранттар. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 20 қыркүйек 2016 жыл.
Суретте: Есентаев ауылында мақта теріп жүрген өзбекстандық мигранттар. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 20 қыркүйек 2016 жыл.

2
Наманганнан келген өзбек әйелінің сөзінше, ауылдастары олардың Қазақстанда мақта теріп жүргенін білмейді. Егер полиция, ауыл әкімі тұрғындардың Қазақстанға өтіп мақта тергенін білсе, айыппұл салуы мүмкін.

3
Жинаған мақтасын тасып жүрген өзбек жігіті.

4
Өзбекстандық терімші 24 жастағы Сухроб күніне 250-300 килограмм мақта жинайды.

5
Жинаған мақтасын таразы басына алып барайын деп тұрған өзбекстандық ерлі-зайыпты. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 20 қыркүйек 2016 жыл.

6
Өзбекстандық терімші келіншек жинаған мақтасын таразыға алып бара жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 20 қыркүйек 2016 жыл.

7
Жиналған мақтаны таразылап жатқан сәт. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 20 қыркүйек 2016 жыл.

8
Таразы басында жинаған мақтасын өткізіп тұрған өзбек келіншегі. Терімшілердің көбі күннен қорғану және шаң жұтпау үшін беттерін орамалмен тұмшалап алады.

9
Өзбекстаннан мақта теруге келген 28 жастағы Назираның айтуынша, шекарадан Қазақстанға өту қиын болған. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 20 қыркүйек 2016 жыл.

10
Түскі тамаққа шыққан терімшілер қол жуып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 20 қыркүйек 2016 жыл.

11
Өзбекстандық терімшілердің ас-суын мақташылар дайындап береді. Терімшілер түс мезгілінде тамақты мақта алқабында дастархан жайып ішеді. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 20 қыркүйек 2016 жыл.

12
Қолмен жиналған мақтаны мақта қабылдау пунктіне алып бара жатқан техника.

13
Мақтаралдағы мақта қабылдау пунктінің бірі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, 20 қыркүйек 2016 жыл.