Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында мақта теріп жүрген өзбекстандықтар шекарадан заңды түрде өтіп, көші-қон полициясына тіркелгендерін айтады. Ал ресми орындар мақта теруге көрші елден қанша адам келгенін айта алмады. Мақта егуші Айгүл Барболова әр өзбек азаматын күніне 1000 теңге беріп жалдап отырғанын айтады. Ал оларды "жалға беруші" қазақстандық "әр өзбек азаматы үшін 800 теңге аламын" дейді. Өзбекстан мигранттары тілшімен сөйлесуге құлықсыз.
Мақта терген өзбектер
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында мақта теріп жүрген өзбекстандықтар шекарадан заңды түрде өтіп, көші-қон полициясына тіркелгендерін айтады. Ал ресми орындар мақта теруге көрші елден қанша адам келгенін айта алмады.

1
Өзбекстанның Әндіжан қаласынан Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Алғабас ауылына мақта теруге келген мигранттар алқапта жұмыс істеп жүр.

2
Өзбекстанның Әндіжан қаласынан Алғабасқа мақта теруге келген әйел.

3
Алғабас ауылы тұрғыны, мақта егуші Ғалымжан Күлішев мақта теруге жұмыс күші жетпей жатқанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, «биыл мақта бітік шыққан». «Өткен жылғыдай құрт жоқ. Гектарына 20-30 центнерден өнім аламыз деп отырмыз. Тек мақтаны жауын-шашынға қалдырмай тездетіп жинап алсақ болды» дейді ол.

4
Мақта егушілер өзбекстандық мигранттардың қазақстандықтарға қарағанда мақтаны тез теретінін айтады. Қоқаннан келген өзбек қызы күніне 200 килограмға жуық мақта жияды. Оның бір жолғы терген екі қап мақтасы 31 килограмм шықты.

5
Мақта өлшеу.

6
Таразы басында су ішіп отырған өзбекстандық мигрант әйел.

7
Терімшілерге шәй қайнатып жатқандар.

8
Өзбекстаннан екі баласын енесіне тастап ақша табуға келген Наргиза Сартиева ауыл тұрғындарымен бірге мақта теріп жүр.

9
Түскі астарын ішіп отырған өзбекстандық мирганттар.

10
Терімшілердің мақта алқабы басындағы ас мәзірі.

11
Өзбекстан мигранттарына түскі асты мақта егуші жасап береді.

12
Мақта алқаптарын бөліп, шекара белгісі ретінде жүгеріге ілулі тұрған мақта.

13
Түскі ас ішіп отырған өзбекстандық мигранттар.

14
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Алғабас ауылына мақта теруге келген өзбекстандық мигранттардың жастары 20-55 аралығында. Терімшілердің көбі – әйелдер.

15
Жинаған мақтасын таразы басына тасып жүрген өзбекстандық мигрант - Әбдіғани.

16
Мақта теруге Өзбекстанның Қоқан қаласынан келген әйел.

17
Ал мақта егуші Айгүл Барболова «әр өзбекті үйінде ұстап отырған адамнан күніне 1000 теңгеге сатып аламын» дейді.

18
Өзбекстандық мигранттармен бірге жергілікті жұмысшылар да еңбек етеді. Мақтарал ауданындағы Алғабас ауылы тұрғыны зейнеткер Орынкүл Төреханова жыл сайын мақта тереді. Ол «Үйде 16 жан бармыз. Бәріміз 49 мың зейнетақыға қарап отырмыз. Халық жағдайы жылдан-жылға кейін кетіп барады, әсіресе біз сияқты қара шаруаға қиын болып тұр. Мақта теріп қазы-қарта жемейміз. Қарап отырғанша шәй пұл болсын деген тірлік қой» дейді.