Қазақстан қалаларында "өзін-өзі жарды", "полицияға оқ атты" және "террорист" деп аталған адамдардың араласуымен болған оқиғалардан көріністер. Галереяны әзірлеген - Рүстем Уанов. Алматы, 13 қыркүйек 2012.
«Террористік» жарылыстар мен атыстар

1
Ақкенттегі полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс кезіндегі арнайы полиция жасағы. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.

2
Ақтөбе облыстық ҰҚКД алдында Рахымжан Махатов өзін-өзі жарғаннан кейін полицейлер аумақты күзетіп жүр. Ақтөбе, 17 мамыр 2011 жыл.

3
Астанадағы жарылыс. Жарылыс болған маңдағы ҰҚК абақтысының қақпасы. 24 мамыр 2011 жыл.

4
Жарылыс болған маңдағы кейбір тұрғын үйлердің әйнегі сынып қалған. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.

5
Оқиға куәгерлері жарылыстан соң осы жерде адам сүйегі жатқанын айтады. Астана, 24 мамыр 2011 жыл.

6
Қарулы адамды ұстау кезіндегі атыс іздері. Ақтөбе облысы, Кеңқияқ ауылы, 10 шілде 2011 жыл.

7
Жарылыс болған үй. Ақтөбе 29 шілде 2011 жыл.

8
Арнайы операцияға қатысқан әскери техникалар. Ақтөбе, 29 шілде 2011 жыл.

9
Терроризмге қатысы бар деп айыпталып, полиция қолынан қаза тапқан Сергей Лидің әйелі Айсұлу оқиға орнын көрсетіп тұр. Атырау, 31 тамыз 2011 жыл.

10
Полицейлер шабуыл болған жерде тұрған автокөлікті тексеріп жүр. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

11
Атыста оққа ұшқан адам. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

12
Боралдайдағы арнайы жасақ сарбаздары қарулы топпен қақтығыстан кейін. Алматы облысы, 4 желтоқсан 2011 жыл.

13
Ақкент ықшам ауданындағы полициямен белгісіз топ арасындағы қақтығыс болған үйді полиция қызметкерлері тексеріп жүр. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.

14
"Терроризмге қатысы болуы мүмкін 9 күдікті жойылған" оқиға орнында тұрған арнайы әскери көлігі. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.

15
"Терроризмге қатысы болуы мүмкін" 9 күдіктімен атыс болған көшенің бойы. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.

16
Күдіктілер бекінді деген үйдің маңындағы арнайы жасақ. Құлсары, 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды.

17
Күдіктілер бекінді деген үй балконының арнайы операциядан кейінгі көрінсі. Атырау облысы Құлсары қаласы. 12 қыркүйек 2012 жыл. Сурет "Ақ Жайық" газетінің сайтынан алынды.