Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 2 қараша күні Нью-Йоркта АҚШ боксшысы Кертис Стивенспен жекпе жек өткізді. Стивенс 2-раундта нокдаун алған соң Головкиннің соққыларына тиісті дәрежеде тойтарыс бере алмады. 8-раундтан кейін Стивенстің бапкерлері Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін мойындап, жарысты тоқтатуды сұрады.
Головкин vs Стивенс

1
Кездесу Нью-Йорктегі Мэдисон Скуайр Гарденнің рингінде, Астана уақытымен 3 қараша күні сағат 9:00-де басталды.

2
28 жастағы Кертис Стивенс кәсіпқой бокспен 2004 жылдан бері айналысады. Ол биыл тамыз айында мексикалық боксшы Сауль Романды бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.

3
Екінші раундтың соңына қарай Головкиннің соққысынан Кертис нокдаун алды.

4
Төреші есеп ашып, санай бастады. жақтан тиген соққыдан есеңгіреп қалған Кертис жекпе жекті жалғастыруға дайын екенін білдірді.

5
Рингте басымдығын көрсеткен Головкиннің шабуылдарынан Кертис қорғанумен болды

6

7

8

9
12 раундтық жекпе жек 8-раундтан кейін аяқталды. Стивенс нокдауннан кейін Головкиннің соққыларына тиісті дәрежеде тойтарыс бере алмай жүрген соң, бапкерлері оның ары қарай бокстаспайтынын айтып, Геннадий Головкин бұл сайыста техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

10
Бұл - Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокстағы 28-кездесуі. Бұған дейінгі сайыстардың бәрінде қарсыластарынан басым түскен қазақстандық боксшы осымен 25 сайысын уақытынан бұрын аяқтады.

11
31 жастағы Геннадий Головкин WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) версиялары бойынша орта салмақ (49-72,5 килограмм) дәрежесінде бокстан әлем чемпионы атағын кезекті мәрте сақтап қалды.