Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қырғызстанмен шекаралас аймақта Сортөбе ауылы бар. Бұл жерде дүнгендер тұрады. Олар Сортөбеге 19 ғасырдың соңында қоныс тепкен. Бұл ауылдағы үйлену той дүнген дәстүріне сай өтеді. Тойдың шығыны - он мың доллар шамасында. Бірақ дүнгендер үйлену тойына асаба мен мейрамхана жалдамайды. Той қалыңдықтың және күйеу жігіттің үйінде өтеді.
Қазақстандағы дүнгендердің үйлену тойы

26
Қалыңдықты арнайы дайындалған орынға отырғызады.

27
Қалыңдықты көруге келген қонақтар.

28
Қалыңдық жасау ретінде берілген бес әшекей бұйымды тағады. Оның ішінде ұлттық жүзік пен сырға болуы тиіс. Қалған үш әшекей қалыңдықтың таңдауына байланысты сақина, алқа, мойыншақ болуы мүмкін. Дүнгендердің ұлттық әшекей бұйымдарында бақыттың символы ретінде феникс құсы бейнеленеді.

29
Түскі екіден кейін үйлену тойы аяқталып, кешкісін күйеу жігіттің жақындары ғана қалады. Олар кешкі дастархан басында құран оқиды. Тойдан кейін бірнеше апта бойы екі жас туысқандарының үйіне қонаққа барып, танысады.
ПІКІРЛЕР