10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген. Қазақстан билігі 9-10 маусымда елде "заңсыз митингіге шыққандар" қатаң жазаланатынын мәлімдеген. Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 9-10 маусымда азаматтарды бірнеше қалада митингіге шығуға шақырған.
Қатаң күзет һәм жаппай ұстау

1
Түскі 12.00 шамасында Алматыдағы "Астана" алаңы маңында полиция отызға жуық адамды ұстап әкетті. 10 маусым 2019 жыл.

2
Полиция ұсталғандарды бөлімшеге әкетті. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

3
"Азаматтарды не үшін ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция қызметкерлерінің бірі "құжаттары болмағандықтан ұстап бара жатқанын" айтты. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

4
Полиция "Астана" алаңында жүрген адамдардың бірін әкетіп барады. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

5
Арнайы жасақ адамдарды күштеп әкетті. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

8
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, алаңда полиция мен арнайы жасақтың қарасы көп. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

9
Арнайы жасақ пен полиция "Астана" алаңына келгендердің бірін күштеп, көлікке салып жатыр. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

10
Азаттық тілшісінің айтуынша, алаң аумағында интернет байланысы өте нашар. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

11
Полиция "Астана" алаңы маңын қоршауға алған. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

12
Полиция азаматтарды ұстап жатқан сәтте бағдаршамға тоқтап тұрған он шақты көлік бір мезгілде сигнал берген. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

13
Нұр-Сұлтандағы "Жастар" сарайы маңында тұрған арнайы жасақ. 10 маусым 2019 жыл.

14
Нұр-Сұлтандағы күшейген күзет. 10 маусым 2019 жыл.

15
Арнайы жасақ Нұр-Сұлтанда адамдарды ұстап жатыр. Нұр-Сұлтан, 10 маусым 2019 жыл.

16
Арнайы жасақ маңынан өтіп бара жатқан тұрғындар. Нұр-Сұлтан, 10 маусым 2019 жыл.

17
Халықаралық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда да полиция ондаған адамды ұстаған. 10 маусым 2019 жыл.

18
7 маусымда Қазақстан бас прокуратурасы азаматтарды 9-10 маусымда заңсыз митингіге шықпауға шақырып, қатысқандардың "жауапқа тартылатынын" ескерткен. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.

19
Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 9-10 маусымда азаматтарды бірнеше қалада митингіге шығуға шақырған. Алматы, 10 маусым 2019 жыл.
ПІКІРЛЕР