Алматыда бұл қалада шілденің 18-інде болған қарулы шабуылға байланысты сот процесі басталды. Басты күдікті 26 жастағы Руслан Күлекбаевқа "теракт жасады", "күш құрылымдарының сегіз қызметкері мен екі бейбіт тұрғынды өлтірді" және "үш адамды өлтіруге оқталды" деген айыптар тағылған. Бұл іс бойынша Күлекбаевтың серігі делінген өзге бес сотталушыға - Роберт Лю, Жасұлан Сапарбеков, Ербол Құсайынов, Дәурен Әсембекұлы мен Нұрсұлтан Әбдімомынға "қарақшылық шабуыл жасады", "ұрлық жасады" және "заңсыз қару-жарақ сақтады" деген айыптар тағылған.
Күлекбаевтың ісі

2
Полиция "шабуылды жасаған Қызылорда облысының 26 жастағы тұрғыны Руслан Күлекбаев" деп мәлімдеген.

3
Күдіктіні ұстау сәті.

4
Ел билігі бұл оқиғаны теракт деп бағалап, 18 шілдеде Алматыда террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланған.

5
Полиция "бұрын заңсыз қару сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Күлекбаев түрмеде түскені үшін кек алған" деп болжайды.

6
Полиция дерегінше, Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласында тұрған Руслан Күлекбаев соңғы кездері Алматыда пәтер жалдап өмір сүрген.

7
Алматыдағы шабуылдан кейін сегіз адам ауруханаға түскен. Кейін ауруханаға жеткізілген үш полицейдің қаза тапқаны хабарланды.

8
Қаза тапқан полицейлердің жаназасы. Алматы, 20 шілде 2016 жыл.

9
Қаза тапқан полицейлердің спорт сарайындағы жаназасы. Алматы, 20 шілде 2016 жыл.

10
Алматыдағы шабуылдан кейін екі күн өте қаланың Гоголь - Зенков - Мақатаев - Абдуллин көшелері аумағы қоршалып, полицияның арнайы іздестіру шарасы өткен.

11
20 шілдеде полицияның Руслан Күлекбаев тұрған пәтерді тінткені хабарланды. Ол жерден күдікті және тыйым салынған заттар табылмаған.

12
Шабуылды тексеру ісі 18 шілдеде басталған. 12 қазанда 61 томнан тұратын іс Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілген.

13
17 қазанда Алматыдағы тергеу изоляторында Руслан Күлекбаевтың (суретте) ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Сотқа 23 жәбірленуші, 72 куәгер және 6 адвокат қатыспақ. Негізгі сот тыңдауы 24 қазанда болады.

14
Руслан Күлекбаевпен бірге тағы бес адам - Роберт Лю, Жасұлан Сапарбеков, Ербол Құсайынов, Дәурен Әсембекұлы және Нұрсұлтан Әбдімомын сотқа тартылды. Оларға "қарақшылық шабуыл жасады", "ұрлық жасады" және "заңсыз қару-жарақ сақтады" деген айыптар тағылған.

15
Нұрсұлтан Әбдімомыннан басқа күдіктілер тергеу изоляторында қамауда отыр. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр.