2004 жыл 1-3 қыркүйеке Солтүстік Осетиядағы Беслан қаласындағы 1-мектепте қарулы бүлікшілер кепілде ұстаған 1100-ден аса оқушы балалар мен ұстаздардың 334-і кейін террористер мен арнайы жасақ арасындағы ұрыста қаза тапты. Көз жұмғандардың 186-сы - бала.
Бесландағы теракт

1
Террористер басып алған мектеп маңында жүрген Ресей арнайы жасағы, 1 қыркүйек 2004 жыл.

2
Бесландағы мектептің сыртында жылап тұрған ата-аналар. 1 қыркүйек 2014 жыл.

3
Мектеп маңында тұрған арнайы жасақ. 1 қыркүйек 2004 жыл.

4
Кішкентай баланы көтеріп бара жатқан солдат. Террористер оқиғаның екінші күні 26 бала мен әйелді босатқан.

5
Арнайы жасақ оқиғаның үшінші күні мектепті шабуыл жасап басып алған соң еріктілер терактіден жараланған адамды әкетіп барады. Куәгерлер мектепті танкімен атқанын көргенін айтады.

6
Мектепте террористер кепілде ұстаған балаларды босатылған соң ертіп келе жатқан адам.

7
Террористер кепілінен босатылған балалар.

8
Террористер кепілінен босатылған балалар.

9
Терактіден жараланған баланы мектептен алып шыққан кез.

10
Мектептің арнайы жасақ шабуылынан кейінгі қалпы.

11
Анасы терактіден жараланып, Владикавказ ауруханасына түскен қызының басынан сипап отыр.

12
Владикавказ мәйітханасы ауласында туыстарының мәйітін іздеп жүрген адамдар.

13
Relatives mourn at a cemetery in Beslan.

14
Оқушылар кепілде қалған балаларды іздеген суретті ұстап тұр.

15
Бесландағы теракт кезінде қолға түскен жалғыз террорист Нурпаши Кулаевтың сотына келген адамдарды сот өкілі сабырға шақырып тұр. Владикавказ, 19 мамыр 2005 жыл.

16
Бесландағы теракт кезінде қолға түскен жалғыз террорист Нурпаши Кулаев өмірлік түрме жазасына кесілді. Владикавказ, 26 мамыр 2006 жыл.

17
Оқиғадан зардап шеккен адамдардың туысы әрекетсіздік танытты деп айыпталған милиционерлерді амнистияға іліктірген сотқа наразылық танытып тұр. 2007 жыл.