Биыл жаздан күзге дейін халықаралық көрме өткен Астанадағы EXPO көрмесі қалашығы аумағында қазір адам қарасы аз. Мұндағы орталық нысандардың бірі - "Нұр Әлем" сферасында енді болашақ энергиясының мұражайы жұмыс істейді. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, көрме өткеннен бері мұндағы жағдай өзгермеген.
"EXPO мұрасы"

1
EXPO аумағына кіретін жерде қазір енді ұзын-сонар кезек жоқ, бұрынғыдай күшейтілген қауіпсіздік шарасы да сезілмейді.

2
Мұндағы орталық нысан - "Нұр Әлем" енді болашақ энергиясының мұражайына айналған. Ересектер үшін кіру билетінің бағасы 1500 теңге. Мектеп оқушылары, студенттер мен зейнеткерлерге арналған билет бағасы одан арзанырақ.

3
EXPO территориясында «туристік аймақтың» ашылуы іс жүзінде орталық ғимараттың есігін ашуды білдіретін болып шықты. Болашақ энергиясының мұражайы қызметкерлерінің айтуынша, көрме өткелі бері мұндағы жағдай еш өзгермеген.

4
"Әйнек көпірдің" үстінен бір-бірін жетектеп және жақтаудан ұстап, баяу қадам басып кетіп бара жатқан отбасы мүшелері.

5
У выхода c объекта «Нур Алем» все еще продают сувениры с тематикой EXPO.

6
Павильондардың көбі жабық тұр.

7
Кей павильондарды құрылыс компанияларының плакаттарымен қоршап тастаған.

8
EXPO аумағында мұз айдыны 11 қарашада ашылады деп жоспарланған. Бірақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, "ауа райына байланысты" оны кейінге қалдырған. Бұл мұз айдынында "елдің бас шыршасы" орнатылады деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының коммерция департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.

9
EXPO территориясындағы қазіргі заманғы өнер орталығында "52 күннен кейін" деп аталатын көрме өтіп жатыр. EXPO-дан соң 52 күн өткенде осы жобаны ойлап шығарған.

10
Мұражай гиді Қазақстанның ұлттық ұланы қызметкерлеріне ресейлік фотограф Юрий Пальмин түсірген суреттерде бейнеленген Алматының советтік модернистік архитектурасы туралы әңгімелеп тұр.

11
Қазақстандық дизайнер әрі суретші Дархан Рухолла қазіргі заманғы өнер орталығы зертханасында "Жаралу" деп аталатын картинасын салып жатыр.

12
Суретшілер мен көрермендер көк түске боялған бұрышта әңгімелесіп отыр.

13
Қазіргі заманғы өнер орталығындағы бөлмелердің бірінде.

14
Қазіргі заманғы өнер орталығында балалар мен ересектер үшін шығармашылық дәрістер, семинарлар өткізіледі.

15
EXPO территориясында сонымен бірге тақырыптық павильон жұмыс істеуі тиіс болатын, бірақ біз барған күні павильон есігі жабық тұрды.

16
EXPO территориясында "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "Болашақ энергиясы" халықаралық орталығы және IT-стартап халықаралық саябағы ашылады деп жоспарланған. Бірақ, әзірше тек мұз айдыны төңірегінде ғана дайындық жұмыстары байқалады. Өзге павильондардың маңында қар тазалаушылардан басқа ешкім көрінбейді.