Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола иеленді. Бұл жарыста чемпион атанған қазақстандық спортшылармен таныс болыңыз.
Қазақстанның 15 алтыны

1
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы финалда Жапонияны 8:7 есебімен жеңіп, жетінші рет Азия чемпионы атанды. Финалда Қазақстан құрамасы 2:7 есебімен жеңіліп жатқан.
1 қыркүйек 2018 жыл.
1 қыркүйек 2018 жыл.

2
Самбодан әйелдер арасында Ділдәш Құрышова Азия ойындарында 68 келіде жеңіске жетті. 1 қыркүйек 2018 жыл.

3
Байдарка қайықпен 200 метрге жарысуда Инна Клинова Азия ойындарының чемпионы атанды. 1 қыркүйек 2018 жыл.

4
Бағлан Ибрагим самбодан 52 келі салмақта алтын жүлде иеленді. 31 тамыз 2018 жыл.

5
Жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Джакартада алтын жүлдеге ие болды. Рыпакова төрт Азиадада қатар чемпион атанды. 30 тамыз 2018 жыл.

6
Дидар Хамза - дзюдодар ерлер арасында 81 келіде Азия ойындарының чемпионы.

7
Каноэ есуден 500 метрге төрт адамдық қайықпен жарыста Қазақстан құрамасы (Илья Голендов, Алексей Дергунов, Сергей Токаницкий, Евгений Алексеев) Азия ойындарының чемпионы атанды. Палембанг, 30 тамыз 2018 жыл.

8
Алина Әділханова көркем гимнастикадан жекелей сында алтын жүлдеге ие болды. 28 тамыз 2018 жыл.

9
Қазақстан көркем гимнастика құрамасы (Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова) командалық жарыста чемпион атанды. 27 тамыз 2018 жыл.

10
Каратэден әйелдер арасында 68 келі салмақта Гузалия Гафурова алтын жүлдеге ие болды. 27 тамыз 2018 жыл.

11
Руслан Исраилов джиу-джитсудан ерлер арасында 77 келі салмақта Азиада чемпионы атанды. 26 тамыз 2018 жыл.

12
Дархан Нортаев (ақ формада) джи-джитсудан ерлер арасында 62 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда Омар әл-Фадлиді (БАӘ) жеңді.

13
Алексей Луценко жекелей жарыста да жеңіске жетіп, Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

14
Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко (ортада) велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды.

15
Семсерлесудің шпага түрінен Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл - Қазақстанның Джакартадағы алғашқы алтыны. 19 тамыз 2018 жыл.
ПІКІРЛЕР