Кабулды тәліптер басып алған соң мыңдаған адам әуежайға қашты. Қайткен күнде де елден кетуді көздеген жұрт әуежайға лап қойды. 16 тамызда АҚШ үкіметі ұшақтардың ұшуына мүмкіндік беріп, ұшу-қону жолағын тазарту үшін әуежайды жабуға мәжбүр болғанын хабарлады.
Кабул әуежайындағы аласапыран. Ауғандар "Талибаннан" қалай қашты?

1
Американың әскери ұшағы Хамид Карзай атындағы әуежайдан ұшуға оқталып тұрғанда жанталасқан ауғандар ұшу жолағына лап қойды. Кейбіреуі ұшақ шассиіне жабысып, көлік әуеге көтерілгенде жерге құлап, мерт болды.

2
Балалы әйелдер Кабул әуежайына қарай жүгіріп барады.

3
Мыңдаған адам елден кетуге ұмтылып Кабулға қарай ағылды.

4
"Талибанның" қарулы адамы Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдың алдында тұр. 16 тамыз, 2021 жыл.

5
Брондалған көлік үстінде отырған "Талибан" мүшесі (сол жақта) әуежай сыртындағы қарбаласқа қарап отыр.

6
Ер адам қыз баланы әуежай дуалынан өткізіп жатыр.

7
Шетелдіктер тәліптер құрсауында қалған Кабулдан ауған азаматтарын визасыз-ақ әкетіп жатыр екен деген сыбыс тараған соң жұрт қалай болса да әуежайға өтіп алуға тырысты.

8
Адамдар әуежай дуалынан секіріп өтіп жатыр.

9
Шарасыз ауғандар әуежайға кіруге жанталасып жатыр.

10
Кейбіреуі ұшақтың үстіне шығып алған.

11
Әуежай аумағына мыңдаған адам кіріп кетті.

12
15 тамызда "Талибан" содырлары Кабулдағы президент сарайын бақылауға алды. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті.

13
Әуежайдың ұшу алаңындағы жұрт.

14
АҚШ әскерилері әуежайдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр.

15
Әуежайды күзетіп жүрген америкалық әскерилерге қарап тұрған ауғандар.

16
Кабул әуежайында АҚШ әскери қызметкері ауған азаматына қару кезеніп тұр.

17
Ер адам әуежайда жараланған кісіні көтеріп барады.

18
Кабулдан ұшып кеткелі тұрған ұшақ ішінде отырған жолаушылар.

19
Әуежайды күзетіп тұрған АҚШ әскерилері мен әуеге көтерілген ұшақ.
ПІКІРЛЕР