Ресей мен Украина бір-бірін аяусыз атқылап жатыр
27 ақпанға қараған түні Мәскеу мен Киев бір-біріне жүздеген дрон атты, Ресейдің әуе шабуылынан Украинада 5 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Ал Ресей жағында бір адам опат болды. АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар жөніндегі келісімге осы апта қояды. Зеленский сол үшін Вашингтонға бармақ.
ПІКІРЛЕР