Астанадағы «Конгресс холлда» мұсылмандардың Мәуліт мерекесіне арналған шараға жұрт көп жиналды. Қазақстан діни басқармасы ұйымдастырған «Адамзаттың Абзалы» атты шарада жұртқа танымал ақындар мен әншілер Мұхаммед пайғамбарға арнау айтып, оқушылар мен студенттер сахналық қойылымдар көрсетті. 24 қаңтар 2015 жыл.
Мәуліт мерекесі

1
Мәуліт мерекесіне келген жұртшылық Конгресс холл залына лық толды.

2
Мұхаммед пайғамбардың өмірі жолы жайлы қазақ тілінде Мәуліт оқылды.

3
Мәуліт мерекелік шарасын көруге келгендер.

4
Мәуліт мерекесінде Еркебұлан Байғабылов Құран оқып отыр.

5
Мәуліт мерекесіне арналған шараға келгендер дұғаға қол жайып отыр.

6
Айтыскер ақын Аманжол Әлтаев «Мәулітке арнау» айтып тұр.

7
Мәуліт мерекесіне арналған шарада мектеп оқушысы Ақгүл Жарылқасын өлең оқыды.

8
Мәуліт мерекесіне келген мұсылман әйел.

9
Астанадағы Өнер академиясының түлектері «Талағал бадру» әнін орындады.

10
Көмекке мұқтаж жандарға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қайырымдылық жәрдемін тапсырды.