Азаттық Инчхонда өтіп жатқан XXVI Азия ойындарында жүлде алған қазақстандық спортшылар жайлы фоторепортаж ұсынады.
Азия ойындары - 2014

1
1000 метрге төрт адамдық байдарка қайықпен жарысуда Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Инчхон, 29 қыркүйек 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов.

2
Жағажай волейболынан Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко ерлер арасындағы жарыстың чемпионы атанды. Инчхон, 29 қыркүйек 2014 жыл.

3
Велоспортшы жастар арасындағы әлем чемпионы Алексей Луценко жекелей уақытқа жарысуда үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды. Инчхон, 27 қыркүйек 2014 жыл.

4
Брасс әдісімен жүзуде қазақстандық Дмитрий Баландин Азия ойындарының үш алтынын жеңіп алды. Инчхон 26 қыркүйек 2014 жыл. Суретті түсірген - Никита Басов.

5
50 метрден винтовкадан нысана атудан қазақстандық 44 жастағы спортшы Ольга Довгун Азия ойындарының чемпионы атанды. Инчхон, 26 қыркүйек 2014 жыл.

6
Ауыр атлетикадан Пекин олимпиадасының қола жүлдегері Мария Грабовецкая Азия ойындарында күміс медаль иеленді. Инчхон, 26 қыркүйек 2014 жыл.

7
Еркін күрестен 57 килограмм салмақта сынға түскен Расул Қалиев (көк формада) финалда Солтүстік Корея спортшысы Джонг Хак Жиннан ұтылып, күміс жүлдені иеленді. Инхчон, 27 қыркүйек 2014 жыл.

8
Еркін күрестен 125 килограмм салмақта қазақстандық Дәулет Шабанбай (қызыл формада) финалда ирандық Парвиз Хади Васманиден ұтылып, күміс медаль еншіледі. Инчхон, 29 қыркүйек 2014 жыл.

9
Бокстан Лондон олимпиадасында қола алған Марина Вольнова Азия ойындарында да қола жүлде иеленеді. Ол жартылай финалда Жанг Унхиден (Солтүстік Корея) ұтылып қалды. Инчхон, 30 қыркүйек 2014 жыл.

10
Еркін күрестен сынға түскен қазақстандық балуан Мамед Ибрагимовтың (оң жақта бірінші) Азия ойындарының қола жүлдесін алып тұрған сәті. Инчхон, 29 қыркүйек 2014 жыл.