Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990 жылдар) Маргарет Тэтчер 87 жасында көз жұмды. 8 сәуір 2013 жыл.
Маргарет Тэтчер: 1925-2013

1
Маргарет Тэтчер мен Денис Тэтчердің үйленуі. Лондон, 1951 жылдың желтоқсаны.

2
Маргарет Тэтчер білім және ғылым жөніндегі үкімет хатшысы кезінде. 1970 жылдың қазаны.

3
Маргарет Тэтчер АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджермен сөйлесіп отыр. 1975 жылдың ақпаны.

4
Маргарет Тэтчер Израильдің бұрынғы премьер-министрі Гольда Мейрмен әңгімелесіп тұр. Тель-Авив, 1976 жылдың сәуірі.

5
Маргарет Тэтчер премьер-министр болған соң күйеуі Дениспен бірге офисіне келіп тұр. Лондон, 4 мамыр 1979 жыл.

6
Маргарет Тэтчер Сауд Арабиясының королі Фахд бин Абдул Азизбен сөйлесіп отыр. Лондон.

7
Маргарет Тэтчер. Лондон, 1979 жылдың сәуірі.

8
Маргарет Тэтчер маршал Титомен қоштасып тұр. Белград, 1980 жылдың мамыры.

9
Маргарет Тэтчер ері Дениспен бірге. Фолкленд аралдары, 1983 жылдың қаңтары.

10
Франция президенті Франсуа Миттеран мен сыртқы істер министрі Ролан Дюма (сол жақта) Маргарет Тэтчерді күтіп алды. Париж, 1984 жылдың мамыры.

11
Маргарет Тэтчер мен Рональд Рейган. Кэмп-Дэвид, 1984 жыл.

12
Маргарет Тэтчер Еуропа парламентінде сөйлеп тұр. Страссбург, 1986 жылдың желтоқсаны.

13
Маргарет Тэтчер. Брайтон, 1988 жылдың қазаны.

14
СССР президенті Михаил Горбачев пен Маргарет Тэтчер. Мәскеу, 1990 жылдың маусымы.

15
Маргарет Тэтчер мен Вацлав Гавел (оң жақта). Прага, 1990 жыл.

16
Маргарет Тэтчер ері Дениспен бірге журналистердің алдына соңғы рет ресми тұлға ретінде шығып тұр. Лондон, 1990 жылдың қарашасы.

17
Маргарет Тэтчер мен Джон Мейджор. Лондон, 1992 жылдың наурызы.

18
Маргарет Тэтчер, бұрынғы АҚШ президенті Джордж Буш, Чехия президенті Вацлав Гавел, бұрынғы СССР президенті Михаил Горбачев. Прага, 1999 жылдың қарашасы.

19
Маргарет Тэтчер бұрынғы АҚШ президенті Рональд Рейганмен қоштасып тұр. 2004 жылдың маусымы.

20
Маргарет Тэтчер Фолкленд аралдары тәуелсіздігінің 25 жылдығы шарасында. 2007 жылдың маусымы.

21
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко және Маргарет Тэтчер. Лондон, 2007 жылдың қыркүйегі.

22
Маргарет Тэтчер. 2008 жылдың желтоқсаны.