Азаттық жариялаған «Бүгінгі жастың бейнесі» байқауына оқырмандар жіберген фотосуреттер.
Фото-байқауға келген соңғы суреттер (17-20 қаңтар)

1
Қар мен қаршадай балалар. Осы бір сәтті бір кездері бұлар да сағынады. Жүктеген Нұрислам Құспанғали.

2
Киіз қағу. Сурет 2008 жылғы 10 мамырда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаманқұдық ауылында түсірілген. Жүктеген Нұрасыл Қазбекұлы.

3
Бала шақтан-болашаққа немесе Өмір баспалдағы. Жас Ұлан ұйымы.

4
Қазақ спортының қабырғасын қаусатпайық десек, бір ауық ауылға да көңіл бөліп қояйықшы. Жүктеген Нұрислам Құспанғали.

5
Тойда букет лақтыру дәстүрі. Жүктеген Арман Жанұзақов

6
Жадыра Бахниязова. Жүктеген NuR.

7
Жақында көктем келеді. Сурет 2011 жылғы 23 наурызда Орал қаласында түсірілген. Ұлдарым Нұрасыл мен Нұраддин қараторғайға үйшік орнатуда. Жүктеген Марал Рахметоллақызы.

8
Біздің ауыл жастары спортсүйгіш! Сурет 2008 жылғы 9 мамырда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаманқұдық ауылында түсірілген. Жүктеген адам: Нұрасыл Қазбекұлы.

9
Құс та болғым келеді қанатым бар. Сурет 2011 жылдың 30 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаманқұдық ауылында түсірілген. Жүктеген Нұрасыл Қазбекұлы.

10
Әже, тағы да ертегі айтып беріңізші! Ертегі - сәби сананы елітеді. Ұлттық тәрбиедегі ана буын мен бала буынның үндестігі. Жүктеген Zhazira Amantai.

11
Бүгінгі жастың бейнесі осындай болса екен. Басты ой - жаһанданған заманда өзгелердей қылық қылсақ та, қазақы ойдың айналасында, қазақи ой текеметінің үстінде жасалса, абзал болар еді.

12
Ғаламтор қыз. Жүктеген Құрманжанқызы Ақмарал.

13
Балапаным, жоғары ұш! Сурет 2010 жылғы 16 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Ажайық ауданы Атырау-Орал автожолының бойында түсірілген. Дала бүркітінің ұшуды жаңа үйреніп жүрген балапандары мидай жазық далада сәл де болса биіктен секіріп ұшу үшін осылай күре жолдың ернеуіне шығады. Жүктеген Нұрасыл Қазбекұлы.

14
Қыс қызығы - сырғанақ. Бос уақытын сырғанақта өткізетін жастар - ұнамды іс пен пайдалы істі ұштастыра біледі.

15
Бақшаға жүз барғызған, ауыз ти біздің қарбыздан! Мен ауыл баласымын. Жүктеген Zhazira Amantai.

16
Өмірде қандай қиындық болсада турап бұтауға дайын. Жүктеген Ғалымжан Құдияр.

17
Жер астындағы шахтерлар жұмысымен танысу. Жас журналистің шахтер болған бір күні. Қарағанды. Жүктеген Ақбота Әбілтай.

18
Банкті емес, алтынымызды жарнамалағым келді. Бүгінгі қазақ жастарының шынайы бейнесі осындай болсашы.

19
Қыз аттанды ауылдан. Сурет 2011 жылғы 6 тамыз күні Батыс Қазақстан облысында түсірілген. Қайынсіңлім Іңкәрдің ұзатылып бара жатқан кезі. Жүктеген Марал Рахметоллақызы.

20
Көз - көңілдің айнасы. Кәусарды Мейірім, Мейірімді мен ұға алар емеспін. Жүктеген Нұрислам Құспанғали.

21
Группаласты туған күнімен құттықтап жатырмыз. Жүктеген Арман Жанұзақов.

22
Шабыт. Жас таланттар.

23
"Шпорларды" дайындап жатырмыз. Жүктеген Арман Жанұзақов.

24
Парижді бағындырамыз! Махаббат сагасы.

25
Сахна алдында.