1969 жылы Ливиядағы саяси билікті қолына алған Муаммар Каддафи 2011 жылы биліктен қуылғанша солтүстік африкалық мемлекетті шектеусіз билеп келді.
Муаммар Каддафи: диктатордың ғұмыры

1
1969 жылғы мына бір суретте Каддафи Египеттің премьер-министрі Гамаль Абдель Насермен қатар тұр. Суэц каналы, Египет.

2
Каддафидің Югославия басшысы Иосип Броз Титомен әңгімелесіп отырған сәті. Белград, 20 қараша, 1973 жыл.

3
Каддафи Африка бірлігі ұйымының жиынында. Кампала, Уганда, тамыз 1975 жыл.

4
Муаммар Каддафи (ортада) СССР басшысы Леонид Брежневпен келісім-шарттарға қол қойып отыр. Мәскеу, желтоқсан 1976 жыл.

5
Куба жетекшісі Фидель Кастро Триполиде Каддафимен кездесіп отыр. 8 наурыз 1977 жыл.

6
Муаммар Каддафи мен әйелі Суфия Сенегалда. Желтоқсан, 1985 жыл.

7
Араб елдері саммитіне келген Муаммар Каддафи сол кездегі Египет президенті Хосни Мүбәрәкпен сөйлесіп тұр. Каир, 22 маусым 1996 жыл.

8
Өз еліндегі толқумен бетпе-бет келген Сирия президенті Башар Әл Асад Муаммар Каддафимен Араб саммиті кезінде қол ұстасып тұр. Дамаск, 29 наурыз 2008 жыл.

9
Ресей президенті Владимир Путин Каддафимен оның Баб Әл-Азизия резиденциясында келіссөз жүргізді. Триполи, сәуір 2008 жыл.

10
Муаммар Каддафи ресми сапары кезінде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен қол алысып тұр. Минск, 2 қараша 2008 жыл.

11
АҚШ президенті Барак Обама "Үлкен сегіздіктің" кездесуі кезінде Муаммар Каддафимен амандасып тұр. Италия, 9 шілде 2009 жыл.

12
Үлкен сегіздік кездесуінің жиынына келген Муаммар Каддафи "жеңіс" белгісін көрсетіп тұр. Италия, 10 шілде 2009 жыл.

13
Каддафи БҰҰ-ында ұзақ-сонар баяндамасын оқыр алдында көпшілікпен амандасып тұр. Нью-Йорк, 23 қыркүйек 2009 жыл.

14
Каддафи баспасөз мәслихаты кезінде. Рим, 10 маусым 2009 жыл.

15
Каддафи Азық-түлік қауіпсіздігі саммитінде сөз сөйлеп тұр. Рим, 16 қараша 2009 жыл.

16
Ливиялық тұрғын діни басшылар кеңесі кезінде мешітке ілінген Каддафидің портретінің қасында суретке түсіп тұр. Триполи, 27 шілде 2011 жыл.

17
Каддафи өз жақтастарымен сәлемдесіп тұр. Ливия, 10 сәуір 2011 жыл.