Хосни Мүбәрәктің режиміне қарсы египеттіктер ақпанның 4-і күні Каир қаласында жаппай көшеге шығып, "президентті кетіру күні" деп аталып кеткен наразылық шеруіне қатысты. Мешіттердегі жұма намазы қарсылық көрсету акцияларына ұласып кетті.
"Мүбәрәкті кетіру күні"

1
Оппозицияны жақтаушы жұрт Тахрир алаңында Шейх Юсуф әл-Қарадауидің құтпасын тыңдап тұр.

2
Каирдің Тахрир алаңындағы жұма намазы кезіндегі президентке қарсылық көрсету.

3
Қарсылық танытушылар жұма намазынан шықты. Тахрир алаңы, Каир.

4
Тахрир алаңындағы оппозицияны жақтаушы қан жұққан Египет туын көтеріп тұр.

5
Президент Мүбәрәкке қарсы жұрт оның плакатына иудаизм дінінің белгісі алты бұрышты жұлдыз салып қойған.

6
Тахрир алаңындағы алғашқы медициналық көмек көрсету шараларына дайындық.

7
Қорғаныс министрі Мұхамед Хусейн Тәнтәуи үкіметке қарсы жұртпен сөйлесіп тұр. Тахрир алаңы, Каир.

8
Демонстранттар Тахрир алаңына қонып қалды.

9
Тахрир алаңында өткен жұма намазында демонстранттар Хосни Мүбәрәкке ұқсатып жасаған тұлып ұстап тұр.